«Дайвинчик»: Танысуға арналған танымал Telegram-ботына сот арқылы тыйым салынды

cover Фото: vk.com/dayvinchik

Алматы қаласының Алатау аудандық соты ел аумағында танымал «Дайвинчик» Telegram-ботының жұмысын тоқтатуға шешім шығарды. Бұған балалар мен жасөспірімдерге төнетін тікелей қауіп себеп болған, деп хабарлайды Orda.kz.       

Жастар арасында үлкен танымалдыққа ие болған виртуалды платформа енді заңсыз деп танылды. Соттың тыйым салу туралы шешімінің басты себебі жүйеде пайдаланушылардың жасын тексеру механизмінің мүлдем болмағаны.

Сервис экранның ар жағындағы адамның жасын еш тексермейтіндіктен, танысу платформасын балалар да еш кедергісіз пайдаланған. Соттың пікірінше, мұндай бақылаусыз қолжетімділік кәмелетке толмағандар үшін елеулі қауіп тудырып, оларды интернеттегі ықтимал қатерге ұшыратуы мүмкін.

Енді бір кездері қазақстандық қолданушылар арасында кең танымал болған жылдам танысу сервисінің жұмысы заңнамалық деңгейде шектелді.

Дегенмен кей БАҚ-тар сот шешіміне қарамай, танысу платформасының жұмысы жалғасып жатқанын жазды.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар