Бұрынғы әйелінің бетіне қышқыл шашып күйдіріп, қашып кеткен адам ұсталды
Фото: Көрнекілік үшін
Шымкентте әйелдің бұрынғы күйеуі оның бетіне қышқыл шашып, күйдіріп, қашып кеткен. Оның осы шабуылынан кейін әйел ауруханаға түсті. Ал күдікті Алматыда ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, ерлі-зайыпты шамамен бес жыл бұрын ажырасқан. Олардың ортақ баласы бар. Жәбірленуші сұлулық салонында жұмыс істейді.
Әйел қызын дүниеге әкелгеннен кейін, шамамен бес жыл бұрын бұрынғы күйеуімен ажырасқан. Кейін ол алимент өндіруге өтініш берген. Алайда төлем тұрақты түспей, айына шамамен 10 мың теңге ғана жіберіліп отырған.
Бірнеше жылдан кейін бұрынғы күйеуі қайта пайда болған. Ол әйелдің есігін бұзып кірмек болып, жанжал шығарған және одан алименттен нотариус арқылы бас тартуды талап еткен. Құқық қорғаушылардың мәліметінше, шабуыл алдында ер адам жаңа телефон нөмірін сатып алып, өзін клиент ретінде таныстырып, бұрынғы әйеліне хабарласқан. Ер адам одан түнде шұғыл сұлулық салонында қабылдауды сұрап, жақын арада демалысқа шығатынын айтқан.
Ол арнайы киім киіп, қолына канистр ұстап алған. Бұталардың арасынан шығып, әйелдің қолынан ұстап, үстінен сұйықтық құйған. Ол айқайлағанда адамдар көмекке келген. Ал ер адам қашып кеткен.
Жәбірленуші қазір ауруханада жатыр. «НеМолчи» қорының мәліметінше, әйелдің бетіне, мойнына, қолына, кеудесіне, иығына және арқасының бір бөлігіне зақым келген. Оған тері алмастырып, бірнеше операция жасау қажет болуы мүмкін.
Полиция департаментінің мәліметінше, аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті қамауға алынған.
«Күдіктінің кім екені сол күні анықталып, Алматы қаласында ұсталды», – деп хабарлады полиция.
Алдын ала болжам бойынша, жанжалға қаржылық мәселелер, оның ішінде несие мен алимент төлеу мәселесі себеп болған.
Ер адам ұсталды. Оқиғаға қатысты Қаратау аудандық полиция басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 107-бабы бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Бұл бап бойынша үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық