Былтыр 300-ге жуық қылмыстық топ басшылары мен мүшелері сотталды
Фото: ҚР ІІМ мұрағаты
Былтыр Қазақстанда қылмыстық қауымдастықтардың 299 басшысы мен мүшесі қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің алқа отырысында айтылды, деп хабарлайды Orda.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және оларға басшылық ету деректері бойынша 78 қылмыстық іс қозғалды, оның ішінде 10 іс трансұлттық арналарға қатысты. Заңсыз айналымнан 2,5 мыңнан астам қару тәркіленді.
«Қабылданған шаралар қылмыстық топтарды қаржыландыру мен қамтамасыз етудің тұрақты арналарының жолын кесуге, сондай-ақ олардың экономика мен қоғамдық қауіпсіздікке ықпалын жоюға мүмкіндік берді», — деді ішкі істер министрі Ержан Сәденов.
Айта кету керек, Бас прокуратураның өзі былтыр Қазақстанда есірткімен аналысатын 15 ұйымдасқан қылмыстық топ (ҰҚТ) жойылғанын хабарлады.
2024 жылы Астанада трансұлттық ұйымдасқан топ құрып, оған басшылық етіп, алдын ала сөз байласу арқылы бірнеше рет аса ірі мөлшерде тыйым салынған тауарды шекарадан өткізген ұйымдасқан топ ұсталды. Ақтөбе облысында заңсыз онлайн-казино ойынын ұйымдастырған қылмыстық топ анықталды.
Сондай-ақ, былтыр бес ай ішінде 95 есірткі зертханасының қызметі тоқтатылып, 18 қылмыстық топ, оның ішінде бір трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топ жойылды.
Тақырыпқа қатысты оқи отырыңыздар:
- Қарақшылық, бопсалау, қару-жарақ: Қарағанды облысында қылмыстық топ жойылды
- Алматыда адам ағзаларын заңсыз саудалаған азаматтың жазасы жеңілдетілді
- Алматыдағы психиатриялық ауруханадағы қылмыстық топ: Прокурор айыпталушыларға жаза сұрады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық