Алматыдағы психиатриялық ауруханадағы қылмыстық топ: Прокурор айыпталушыларға жаза сұрады
Коллаж Orda.kz
Алматыдағы психиатриялық ауруханамен байланысты ұйымдасқан қылмыстық топ ісі бойынша айыпталушыларға ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы сұралды, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматыдағы мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында жарты жылға жуық уақытқа созылған атышулы іс аяқталуға жақын. Тергеу барысында 37 эпизод қаралып, қылмыстар психикалық денсаулығы нашар адамдарды заңсыз ұрлау, кісі өлтіру, жылжымайтын мүлікті иемдену мақсатындағы алаяқтық және психикалық науқастарға зорлық-зомбылық жасау істерімен байланысты екені анықталды.
Қылмыстық схемаға психиатриялық мекемелердің басшылары, заңсыз нотариустар, учаскелік инспекторлар, риелторлар мен сот-медициналық сарапшылар қатысқан. Олар әлеуметтік қызметкерлер мен дәрігерлерден психикалық ауруы бар, жалғыз тұратын адамдар туралы ақпарат жинап, олардың жылжымайтын мүліктерін қолдан жасалған құжаттар арқылы басқалардың атына рәсімдеп, арзан бағамен саудалап отырған.
Бүгін, 27 ақпанда, соттағы пікірталас кезінде мемлекеттік айыптаушы Нұрасхан Мырзалы қылмыстық топ жетекшілері мен ұйымдастырушыларына ауыр жаза тағайындауды сұрады.
- Ирина Гапарова – 20 жыл қатаң режимдегі колонияда;
- Аширалы Болтабоев – 18 жыл бас бостандығынан айыру;
- Әуелхан Сатаев – 20 жыл түрмеде өткізуі тиіс.
Басқа сотталушыларға да төрт жылдан бастап ұзақ мерзімге дейінгі жаза сұралды.
Психикалық денсаулық орталығының бұрынғы басшыларына қатысты прокурорлар келесі жазаларды талап етті.
- Айжан Жүсіпғалиева (бірінші бөлім) – 13 жыл;
- Майра Оразаева (үшінші бөлім) – 8 жыл;
- Ғазиза Ешмұратова (Талғардағы оңалту орталығы) – 4 жыл.
Процесс барысында барлық куәгерлер, оның ішінде тергеушілер мен жасырын куә тыңдалды. Тергеу нәтижесінде екі кісі өлтіру және және мемлекеттік құжаттарды қолдан жасау фактілері анықталып, бұл эпизодтар жеке тергеліп жатқаны белгілі болды. Мемлекеттік архивтің кейбір қызметкерлері де күдікке ілінді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық