Алматыда меценаттар болашақ мұғалімдерге жатақхана салып берді
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің сайты
Студенттер үйі 1 миллиард 350 миллион теңгеге салынғаны мәлім болды, деп хабарлайды Orda.kz.
Алматыда Жароков-Дунаев көшелерінің қиылысында қараусыз қалған ғимарат орнында ауданы 2 мың шаршы метр болатын жаңа студенттер үйі салынды. Онда 200 адамға дейін сияды. Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша жатақхана халықаралық стандартқа сай салынған. Мұнда тұрғындар үшін барлық жағдай жасалған: коворкинг орталығы, конференц-зал, оқу бөлмесі, үлкен шатырлы террассалар.
Жобаның құны 1 миллиард 350 миллион теңге. Оны құрамында 50-ден астам компания мен меценаттар бар Mugalim қоғамдық бірлестігі жүзеге асырды. Олардың қатарында Karazhal operating, Rise capital, Daco Motors KZ, San tires, Pine education, Kazintel group компаниялары бар.
Жатақхана Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Қазақ ұлттық университеті, С.Демирел атындағы университет және сол сияқты жоғары оқу орындарының педагогикалық мамандықтары студенттеріне арналған.
«Mugalim» қоғамдық ұйымы өкілдерінің айтуынша, жыл соңына дейін қоғамдық бірлестік меценаты Zhibek Dorm серіктестігі тағы 100 орындық жатақхана салуды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, «Mugalim» бірлестігі 110 орындық студенттер үйі мен 135 орындық жатақхана ашуды жоспарлап отыр.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық