Бұрынғы энергетика министрі Атырау облысының әкімі болып тағайындалды
Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Болат Ақшолақовты Атырау облысының әкімі етіп тағайындады, деп хабарлайды Orda.kz Ақорда-ға сілтеме жасап.
Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы бүгін қол қойды. Тағайындауға дейін Болат Ақшолақов 2019 жылға дейін энергетика вице-министрі қызметін атқарған.
Сонымен қатар, ол Самұрық-Қазына АҚ-да активтерді басқару жөніндегі басқарушы директор болған. 2022–2023 жылдары Қазақстанның энергетика министрі қызметін атқарып, кейін 2025 жылға дейін президенттің кеңесшісі болды.
Болат Ақшолақов 1971 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. 1993 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын экономист мамандығы бойынша тәмамдаған.
1998 жылы – Мұнай-газ өнеркәсіптік білім орталығында «Жер қойнауын пайдалаунға арналған келсімшарттарды бағалау» және «Мұнай өндірудің экономикасы» мамандығы бойынша білім алған.
1994-1995 жылдары – экономист, Alem Bank Kazakhstan бас экономисі.
1995-1997 жылдары – Орталық Азия ынтымақтастық және даму банкінің активтерді басқару бөлімінің маманы, бөлім бастығы, директордың орынбасары.
1997-2001 жылдары – «Қазақойл» ҰК» ЖАҚ Теңіз жобасы бойынша аға сарапшы, менеджер, департамент директорының орынбасары.
2001-2003 жылдары – Commonwealth & British Services Ltd. бизнес-талдаушысы, стратегиялық жоспарлау жөніндегі менеджері, қаржы директоры.
2006-2008 жылдары – «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ БК-да үлесті басқару жөніндегі атқарушы директоры.
2006–2008 жылдары — Қазақстан Республикасының Энергетика және минералды ресурстар вице-министрі.
2008–2011 жылдары — «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарушы директоры.
2010 жылдың маусымы – 2011 жылдың қазаны – PSA ЖШС бас директоры.
2011 жылдың қазан-желтоқсаны – «ҚазМұнайГаз»ҰК» АҚ басқарма төрағасы.
2012 жылдың қаңтары – 2014 жылдың тамызы – ҚР мұнай және газ вице-министрі.
2014 жылдың қыркүйегі – 2016 жылдың ақпаны – Almex Petrochemical ЖШС бас директоры.
2016 жылдың ақпаны мен 2017 жылдың қарашасы – 2016 жылдың ақпан айынан бастап — KAZENERGY Қазақстан мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің бас директоры.
2017 жылдың 28 қарашасынан – 2019 жылдың 4 сәуірі аралығында – Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі.
2019 жылдың 4 сәуірінен - KAZENERGY қауымдастығының бас директоры.
2022 жылғы 11 қаңтарда Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалды.
2023 жылғы 4 сәуірде мемлекет басшысының өкімімен Қазақстан Республикасы президентінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды.
Оның «Құрмет» ордені мемлекеттік наградасы бар.
Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Серік Шәпкеновті Атырау облысының әкімі қызметінен босатқан еді.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық