Burger King төңірегіндегі жанжал: Еңбек министрлігі тексеріс қорытындысын жариялады
Фото: Instagram/ zhanat_karatay
Еңбек министрлігі Burger King-ке қатысты жоспардан тыс тексерісті аяқтады. Тексеріс Әлібек Қаратаевтың өтініші негізінде басталған еді, деп хабарлайды Orda.kz.
Ведомство өтініш берушінің уәждері расталғанын мәлімдеді. Жұмыс беруші еңбек заңнамасы нормаларын жүйелі түрде сақтамаған.
«Атап айтқанда, қызметкерлердің келісімінсіз жалақыдан заңсыз ұстап қалу фактілері, төлемдерді жүйелі түрде кешіктіру, нақты жұмыс істелген уақыт есебінің болмауы және мереке мен демалыс күндеріндегі жұмыс үшін еңбекақыны жоғарылатылған мөлшерде төлеу талаптарының сақталмағаны тіркелді», деп хабарлады ведомстводағылар.
Қазіргі уақытта ҚР ӘҚБтК-нің бірнеше бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.
Айта кетейік, Айта кетейік, бұған дейін Жанат Қаратай өзінің Threads әлеуметтік желісінде аутизмі бар Әлібек есімді ұлын жұмыстан шығарғалы жатқанын жазған болатын. Көп ұзамай компания шетелдік екі басшыны жұмыстан шығарды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық