Тоқаев Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровті қабылдады
Президент Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы және алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы есепті тыңдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Нұралхан Көшеров өңір экономикасының өсімі 113,9% болғанын баяндады.Оныі айтуынша мемлекеттік бюджетке түскен салық 1 трлн теңгеге жеткен.
2025 жылы облыс экономикасына 1,7 трлн теңге инвестиция тартылды, оның 1,4 трлн теңгесі – жеке инвестициялар. Тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 1,4 млрд доллар болды.
Өңірде былтыр 340 млрд теңгеге 58 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, нәтижесінде 8 мыңнан астам жұмыс орны ашылған.
Өңірде 21 индустриялық аймақ жұмыс істейді. Тұран арнайы экономикалық аймағында 315 млрд теңге көлеміндегі 26 жоба жүзеге асырылып жатқаны айтылды.
Ауыл шаруашылығында мақта-тоқыма, жүгері және ет кластерлері дамып келеді. Олардың толық іске қосылуынан кейін 2027 жылға қарай ауыл шаруашылығы өнімдерінің өндірісі 479,5 млрд теңгеге артады деп күтілуде. Соңғы үш жылда атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны екі есе қысқарғаны баяндалды.
Жұмыспен қамту шараларымен 148 мың адам қамтылып, жұмыссыздық деңгейі 4,6% болған. Білім беру, денсаулық сақтау және мәдениет нысандарының құрылысы, жол инфрақұрылымын дамыту, елді мекендерді газдандыру және ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары туралы баяндады.
Мемлекет басшысы инвестиция тарту, ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпті дамыту жұмыстарын жалғастыруды тапсырды.
Сондай-ақ халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және инфрақұрылымды дамытуға ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық