Қырғызстан мигранттардың туыстарына тегін медициналық көмек көрсетуден бас тартқан Ресейді сотқа берді
Фото: freepik.com
Қырғызстан Ресей Федерациясына қарсы Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) сотына талап-арыз түсірді. Бұған Ресей билігінің еңбек мигранттарының отбасы мүшелеріне тегін медициналық көмек көрсетуден бас тартуы себеп болған. Бұл одақ аясындағы келісімдерде тікелей қарастырылған, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы 27 қаңтарда Қырғыз Республикасының міндетті медициналық сақтандыру қорының басшысы Азамат Мұқанов Жогорку Кенештің еңбек және әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитеті отырысында мәлімдеді.
Оның айтуынша, міндетті медициналық сақтандыру (ММС) полистері тек еңбек мигранттарының өзіне ғана емес, олармен бірге Ресейде тұратын отбасы мүшелеріне де берілуі тиіс. Бұл талап ЕАЭО-ға мүше барлық бес ел қол қойған келісімде бекітілген. Алайда Қырғызстанның мәлімдеуінше, Ресей бұл нормаларды орындамаған.
Әңгіме 2014 жылы қол қойылған ЕАЭО туралы шарттың 96–98-баптары жайлы. Құжатқа сәйкес, одақ елдері еңбек мигранттары мен олардың отбасыларына әлеуметтік қорғау мен медициналық көмекке, соның ішінде міндетті медициналық сақтандыруға тең қолжетімділікті қамтамасыз етуге міндетті.
Ресми түрде ЕАЭО елдерінің азаматтары Ресейде 2017 жылдан бастап тегін медициналық көмек алу құқығына ие болған. Ол үшін жұмыс берушімен жасалған еңбек немесе азаматтық-құқықтық шарт жеткілікті. Егер мұндай келісім болмаса, ерікті медициналық сақтандыру полисін сатып алу қажет.
Алайда іс жүзінде тегін медициналық көмек көбіне тек шұғыл жағдайлармен шектеліп, толыққанды ем алу үшін мигранттарға өз қалтасынан төлеу ұсынылған.
Жағдай 2025 жылдың күзінде күрделене түсті. Ресейде ережелер өзгеріп, 28 қарашадан бастап міндетті медициналық сақтандыру арқылы тегін ем алу құқығы тек кемінде бес жыл заңды жұмыс істеген мигранттарға ғана берілетін болды. Бішкек бұл шешім ЕАЭО ішіндегі келісімдерге тікелей қайшы деп есептейді.
Талап-арыз беруге нақты қай жағдай түрткі болғаны нақтыланбады. Белгілісі — іс қазірдің өзінде қаралуда, ал сот шешімі алдағы екі апта ішінде шығуы мүмкін.
Айта кетейік, Щучинск қаласындағы әскери колледжде қызылша ауруы өршіді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық