«Біреуінің бауыры езіліп, үш бала қашып кеткен»: Райымбек ауданындағы қайғылы апатқа байланысты жаңа деректер шықты
Фото: ЖИ көмегімен жасалды
Алматы облысының Райымбек ауданында алты жасөспірім мінген көлік жол апатына ұшырап, 16 жастағы қыз қаза тапты. Төрт жасөспірім ауруханаға жеткізілді. Orda.kz редакциясына жәсөспірімдердің туыстары сұхбат беріп оқиғаның мән-жайын айтып берді.
Еске салар болсақ, Алматы облысының Райымбек ауданында кәмелетке толмағандар отырған көлік аударылып, 16 жастағы қыз қаза тапты. Жол-көлік оқиғасы 17 тамызда сағат 04:20 шамасында «Сарыжаз–Қарасаз» жолының 5-шақырымында Сарыжаз ауылынан шамамен 12 шақырым жерде болған.
Ата-аналардың айтуынша, жасөспірімдер Қарасаз ауылына бара жатқан. Жолға шығып кеткен жылқылардан қашқан кезде көлік аударылған деген болжам бар.
Қаза тапқан қыз алты жасөспірімнің бірі болған. Оның құрбысының анасы қыздың отбасында жалғыз бала болғанын айтты.
«Аяқ-қолы сынса да аман болса екен деп ішіміз қан жылап жүр», – дейді зардап шеккен жасөспірімдердің бірінің анасы.
Ата-аналардың сөзінше, 16 жастағы жасөспірім нағашы ағасының көлігін рұқсатсыз алып кеткен. Иесі оның көлікті мінгенін білмеген. Жол апатынан кейін бес жасөспірім Райымбек аудандық ауруханасына жеткізілген. Бір бала жансақтау бөлімінде жатыр, қалған төртеуінің жағдайы тұрақты.
«Бес бала жеткізілді. Біреуі жедел жәрдем жеткенге дейін қайтыс болды. Төрт жасөспірімнің жағдайы тұрақты», – дейді «Райымбек аудандық ауруханасы» КМК директоры.
Orda.kz редакциясы дереккөзінің мәліметінше араларындағы бір жасөспірімнің жағдайы ауыр, бауыры езіліп кеткен. Жағдайы ауыр деп бағаланып отырған жасөспірім Алматы облысы балалар ауруханасына ауыстырылды.
Жасөспірімдер түнгі уақытта Қарасаз ауылындағы тәулік бойы жұмыс істейтін дүкенге бармақ болған. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, көлікті басқарған жасөспірім жылдамдықты арттырып, телефонға қараған сәтте рөлге ие бола алмай қалған.
Дереккөздің айтуынша, жол апаты кезінде қаза тапқан қыз көліктің астында қалып, ауыр жарақат алған. Оқиғадан кейін жасөспірімдердің үшеуі қорқып, оқиға орнынан кетіп қалған деген ақпарат бар. Бұл мәліметтерді редакция әзірге тәуелсіз түрде растай алған жоқ.
Оқиғаның нақты себептері мен жасөспірімдердің көлікке қалай отырғаны әзірге анықталып жатыр. Алматы облысының полиция департаменті әзірге ресми түсініктеме берген жоқ.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық