Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад сырттай өлім жазасына кесілді
Фото: Anadolu сайтынан
Сирия соты 2024 жылғы желтоқсанда биліктен құлатылып, Мәскеуге қашып кеткен елдің бұрынғы президенті Башар Асадты сырттай өлім жазасына кесті, деп хабарлайды Orda.kz Сирияның SANA ақпарат агенттігіне сілтеп.
Сот Асадты елдегі азаматтық соғыс кезінде әскери қылмыстар мен адамзатқа қарсы қылмыс жасады деп таныды. Соттың пайымдауынша, 2011 жылы Дераа провинциясындағы наразылықтарды аяусыз басу адамзатқа қарсы қылмыс ретінде бағаланатын оқиғалармен қатар жүрген.
Дәл осы наразылықтарды күшпен басу кейін Сирияда қантөгіске ұласқан азаматтық қақтығыстың басталуына себеп болды. Кейін бұл қақтығыс Ресей сияқты басқа мемлекеттердің де қатысуымен ауқымды соғысқа айналды.
Өлім жазасына Башар Асадтың немере ағасы Атеф Наджиб те кесілді. Ол Дераа провинциясындағы саяси қауіпсіздік басқармасын басқарған. Наджиб былтыр қаңтар айында ұсталып, қамауға алынған. Сот үкімі шығарылған кезде ол сот залында тордың ар жағында отырған.
Башар Асад биліктен кеткеннен кейін отбасымен бірге Сириядан Ресейге қашып, Мәскеуден баспана алған. Былтыр қыркүйекте Сирия соты оны қамауға алуға ордер шығарған болатын.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық