Бір-біріне сілтеп отыр: Еліміздегі бензин сапасына кім жауапты?
Фото: Әлеуметтік желіден
Павлодар мұнай-химия зауытында тексеру барысында АИ-95 мен АИ-98 шығарылатын бензиннің сапасына қатысты проблема анықталмағаны мәлім болды. Жанармай сынамалары SGS Kazakhstan тәуелсіз зертханасында қазақстандық автомобилистердің шағымдарынан кейін тағы тексерілді, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстанның отын нарығы кезекті жүйелік ақауға тап болған сияқты. Бұл жолы мәселе тікелей автокөліктердің қозғалтқыштарына әсер етіп жатқанын жүргізушілер айтып жатыр. Бензинге қатысты шағымдарға «10-12 күн шыдаңыз» деген Энергетика министрлігінің жауабы ешкімнің көңілін көншіте қоймағаны анық.
Еліміздің ірі мегаполистері Астана мен Алматы көлік иелері күрделі ақаулар пайда болғанына шағымданып жатыр. Көлік иелерінің айтуынша, жанармай сорғылары істен шығып, бүріккіштер бітеліп, қозғалтқыштар дұрыс жұмыс істемей, апаттық режимге көшіп жатыр.
Хабарламаларға қарағанда, негізгі мәселе отынды тікелей бүрку жүйесі бар заманауи көліктерде байқалған. Олар ірі жанармай құю станциялары желілерінен АИ-95 және АИ-98 маркалы бензин құйған.
Бұл жағдайға байланысты Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов брифингте түсініктеме беруге тырысты. Алайда министрлік өкілдерінің мәлімдемелері нарықтағы ахуалдың тұрақтылығына сенім ұялатудың орнына, басқа сұрақ тудырды.
Министр іс жүзінде нарықтағы тараптардың бір-бірін айыптап отырғанын ғана атап өтті. Оның айтуынша, жанармай құю станциялары мұнай өңдеу зауытына сілтесе, зауыт жанармай құю станцияларында технологиялық талаптардың бұзылуы мүмкін екенін алға тартып отыр.
Сонымен қатар тексеру жұмыстары логистикасына қатысты да сұрақ бар. Комиссия Павлодар мұнай-химия зауытына жіберілген. Алайда сапасыз АИ-95 бензиніне қатысты шағымдар солтүстік өңірлерден ғана емес, өзге өндірістік қуаттар мен мұнай базаларынан отын жеткізілетін Алматыдан да түсіп жатыр.
Бұл жағдайға бір ғана зауытты кінәлі етіп көрсету әрекеті сияқты. Мұндай тәсіл отынның бүкіл жеткізу тізбегіне терең әрі жан-жақты тексеру жүргізуге құлықсыздық ретінде бағалануы мүмкін.
Министрлік басшысының жанармай құю станцияларына Атырау мұнай өңдеу зауытынан жеткізілетін алмастыру партиялары келгенше «10-12 күн шыдай тұру» туралы айтты.
Көлік жүргізушілері заманауи қозғалтқыштарды талапқа сай емес отынмен бір жарым апта бойы жүргізу жанармай жүйесі бөлшектеріне қайтымсыз зақым келтіріп, қымбат жөндеуге әкелуі ықтимал екенін жарыса айтып жатыр.
Министрліктің мәліметінше, АИ-95 және АИ-98 маркалы бензин реттелмейтін нарық сегментіне жатады. Яғни мемлекет бұл отын түрлерінің бөлшек саудадағы ең жоғары бағасын белгілемейді.
Мұндай тәсілдің негіздемесі жоғары маржа нарықтағы бәсекелестікті күшейтіп, өнім сапасына тиімді бақылау қалыптастыруы тиіс деген ұстаным.
Алайда қазіргі жағдай керісінше көрініс беріп отыр. Тұтынушы «сапалы өнім» деп саналатын бензин үшін нарықтық баға төлейді, бірақ оның орнына сапасыз немесе талапқа сай емес отыннан туындайтын техникалық тәуекелге тап болады.
Атырау мұнай өңдеу зауытынан отын көлемін шұғыл қайта бөлу арқылы жағдайды қолмен реттеуге тырысу жанармай көлік бактарына құйылғанға дейін оны тұрақты бақылаудың тиімді жүйесі қалыптаспағанын көрсетеді.
Ал Павлодар мұнай-химия зауыты АИ-95 және АИ-98 маркалы автомобиль бензинінің сынамалары тәуелсіз зертханада тексеруден өткенін мәлімдеді. Атап айтсақ, 2026 жылғы 25 тамызда Павлодар мұнай-химия зауытында өндірілген автомобиль бензиндерінің сынамалары тәуелсіз SGS Kazakhstan зертханасында сынақтан өткізілген.
Зауыт мәліметінше, SGS зертханасы 115 елде жұмыс істейтін халықаралық SGS компаниясының құрамына кіреді, ал оның штаб-пәтері Швейцарияның Женева қаласында орналасқан. «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС хабарламасында зертханалық сынақ сынамалардың ГОСТ 32513 талаптарына сәйкес келетінін растағаны айтылған.
Компанияның мәліметінше, зауытта өндірілген АИ-95 және АИ-98 маркалы бензиндер Кеден одағының ТР ТС 013/2011 техникалық регламенті мен ГОСТ 32513-2013 талаптарына сәйкес келеді.
Зауыт сондай-ақ жөнелтілген бензин партияларының сапасы расталғанын мәлімдеді.
Павлодар мұнай-химия зауытының түсіндіруінше, әрбір жөнелтілетін мұнай өнімі партиясы паспорттау кезінде зауыт аумағындағы тәуелсіз SGS зертханасында тексеріледі.
Одан кейін төрелік сынама мөрленіп, арнайы қоймада 45 күн бойы сақталады. Бұл өнім сапасына қатысты дау туындаған жағдайда қайта тексеру жүргізуге мүмкіндік береді екен.
Осылайша, қазіргі жағдайда негізгі сұрақ бензиннің сапасы зауыттан шыққан кезде қандай болғанында ғана емес, оның зауыттан жанармай құю станциясына дейінгі барлық жолында қандай өзгерістер болғанында тұр.
«Мұнай өңдеу зауыты – мұнай базасы – бензин тасымалдайтын көлік – жанармай құю станциясы» тізбегінің әрбір кезеңінде сапа бақылауы жүргізілуі тиіс.
Сондықтан отын сапасына қатысты жағдайды бір ғана кәсіпорынның сынақ нәтижесімен шектеу жеткіліксіз. Тұтынушылардың шағымдары толық зерттеліп, нақты проблеманың қай кезеңде пайда болғаны анықталуы керек.
Қатаң әрі үздіксіз бақылау жүйесі және операторлардың қаржылық жауапкершілігін айқындайтын нақты механизм енгізілмесе, министрліктің «жаңа партия келгенше күтіңіздер» деген үндеуі қазақстандық автокөлік иелерін жанар-жағармай нарығындағы технологиялық тәртіпсіздіктің құрбаны етуі мүмкін.
Оқи отырыңыз:
- 13 теңгелік бензин: Иран өзін-өзі қалай алдап отыр?
- Қырғыз шенеунігі неліктен Қазақстаннан бензин сатып алынбайтынын айтты
- Заңсыз мұнай өңдеу зауыты: Шекарадағы жер асты жолы арқылы 37 миллиард теңгенің контрабандасы шетел асқан
- Мораторий аяқталды: Қазақстанда жанармай бағасы көтерілуі мүмкін
Жаңалықтар
- Бір-біріне сілтеп отыр: Еліміздегі бензин сапасына кім жауапты?
- 232 адам «Болашақ» стипендиясын иеленді, бүгін тізім шығады
- Кім Құрылтай депутаты атанады? Партиялар кандидаттар тізімін жариялай бастады
- ОСДП Құрылтайдың жаңа құрамына кіретін сегіз депутаттың атын атады
- Исламабадта аурухана өртеніп, 15 жаңа туған шақалақ қаза тапты
- «Бес айлық күшік еді»: 11 жастағы баланың құлағын шайнап тастаған иттердің иесі сотта жауап берді
- Президент: Жасанды интелектке қатысты тапсырма тиісті деңгейде орындалмады
- Тоқаев Астанада Қазақстан-Қытай жасанды интеллект мектебін ашуды ұсынды
- Мұғалімдердің 95%-ы жұмысына көңілі толады: Тоқаев Қазақстанның әлемдік рейтингтегі орнын айтты
- Тоқаев: Қазақстан оқулықтарында 700-ден астам қате бар
- Кентауда адам денесі табылғаны туралы хабарлама жұртты дүрліктірді
- Атыраудағы әуежайда шетелдік қайтыс болды: Полиция мән-жайды мәлімдеді
- Оралда әлеуметтік желіде бейәдеп сөздер айтқан тұрғын қамауға алынды
- Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сот: Істі прокурорға қайтарудан бас тартты
- Ұлдана Мырзуанның қазасы: Адвокат істі прокурорға қайтаруды сұрады
- 12 рет пышақталып, қаза болған Дильназдың анасы күдіктінің жазасын қатаңдатуды сұрады
- «Ердоған қайтыс болды» деп материал жариялаған түрік журналистері ұсталды
- Қазақстандық әпкелі-сіңлілі қыздар БАӘ-де қаза тапты: Отбасы олардың денелерін елге жеткізуге тырысып жатыр
- Жамбылда полиция подполковнигі есірткі саудасы үшін сотталды
- Алматы облысында 17 адам 800-ден астам көлікті заңсыз тіркеген