«Берденовтің келініме жасаған басқа да әрекеттері бар»: Жиенбайдың әкесі мәлімдеме жасады
Фото: Бейнеден кадр
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша 9 жылға сотталған Ернар Жиенбайдың әкесі тың ақпарат айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Ернар Жиенбайдың әкесі Жиенбай Пірәлиев атышулы іске бұған дейін ешқандай пікір білдірмегенін атап өтті. Енді сотталушының өзі және туыстары сот шешімімен келіспей отыр.
«Менің келінім өсіп, өнген жердің қызы. Соған лайк басқан, тағы да басқа әрекеттері бар. Оның бәрін отбасын сақтап қалу үшін балам ішіне жұтып кетті. Жала жапты деп ойламаңыздар. Ол болған нәрсе», — деді Жиенбай Пірәлиев.
Ернар Жиенбайдың әкесі Берденовтің қол астындағыларға дөрекілік танытқанын айтты.
«Саяси лауазым иесі, «сен» деп сөйлейді. Оның өзі қателік. «Шашың түсіп қалған, үстіңде не киім?» деп сөйлейді. Ол кісінің ең бірінші қателігі өзінің тәкаппарлығынан деп ойлаймын», – дейді сотталушының әкесі.
Жиенбай Пірәлиев ақпарат құралдарының соттағы негізгі айғақтарды жарияламағанын да сынға алды. Оның айтуынша, Берденов Жиенбайға «тез арада орныңнан кетпесең, қаматамын» деген екен.
Айта кетейік, бүгін, 20 тамыз күні судья Әбинұр Қарабаев әкім орынбасарына оқ атқан Ернар Жиенбайды 9 жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті. Алайда бұған дейін сотталушының әкесі келінінің бұл іске еш қатысы жоған айтқан еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық