Руслан Берденовке оқ атқан Жиенбай 9 жылға сотталды
Orda.kz
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қастандық жасау ісі бойынша сот үкім шығарды. Ернар Жиенбай 9 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Судья Әбинұр Қарабаев әкім орынбасарына оқ атқан Ернар Жиенбайды 9 жылға бас бостандығынан айыруға үкім етті. Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейтін болады.
Сонымен қатар, сотталушы жәбірленушінің пайдасына 30 АЕК төлеуге міндеттелді. Бұл 118 890 теңге болады.
Еске сала кетейік, 21 сәуірде Руслан Берденовке әкімдік ғимаратының жанында Ернар Жиенбай бір емес бес рет оқ атып, оның үшеуі Берденовке тиген еді. Оқ атқан жәбірленушінің қоластындағы қызметкері Ернар Жиенбай Шымкент қаласының құрылыс басқармасына қарасты «Тұрғын үй Шымкент» ЖШС-нің бұрынғы директоры.
Айта кетейік, бұған дейін прокурор Ернар Жиенбайды 11 жыл 3 ай бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық