«Келінімізді араластырмаңыздар»: Руслан Берденовті атқан Ернар Жиенбайдың әкесі мәлімдеме жасады
Фото: instagram/ Ернар Жиембай
Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасаған күдікті Ернар Жиенбайдың әкесі мәлімдеме жасады.
Ернар Жиенбайдың әкесі Жиенбай Пірәлиев Orda.kz тілшісіне 21 сәуір күні болған оқиғаға қатысты мәлімдеме берді.
Оқиғаға қатысты жаңа деректер мен күдіктінің кім екені жайлы тың мәліметтер шықты. Пірәлиевтің сөзіне қарасақ, ұлының ісіне әлі де сене алмай отыр. Әрі болған оқиғаға өкінетінін де жасырмады.
«Ата-ана үшін бұл жағдай нағыз ауыр соққы болды. Бүгінге дейін ұлымыз Ернардың осындай қиын жағдайға қалғанына сене алмай отырмыз. Осы оқиғаға байланысты шын жүректен өкінеміз. Қандай жағдай болмасын, бірінші кезекте Руслан Берденовтің тезірек сауығып кетуін тілейміз», — деді әкесі.
Сонымен қатар, Пірәлиев тергеудің жан-жақты қаралатынына сенім артып отырғанын, әрі бұл оқиғаға келіндерінің еш қатысы жоқ екенін мәлімдеді.
«Біз тергеу мен соттың барлық жағдайды әділ, жан-жақты қарастыратынына сенім артамыз. Баршаңызды сабырға шақырып, нақты шешім шықпай тұрып, асығыс қорытынды жасамауды сұраймыз. Ең бастысы – бұл жағдайға еш қатысы жоқ келінімізді араластырмауды өтінеміз. Ол Руслан Берденовті бұрын-соңды көрмеген де, танымайды да», — деді Жиенбай Пірәлиев.
Еске салсақ, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасалды. Оқиға 21 сәуір күні кешкі сағат 20:30 шамасында қалалық әкімдік ғимаратының жанында болды.
Бастапқыда, Берденов оққа ұшты деген мәлімет пайда болғанда көптеген ақпарат көздерінде күдікті туралы оның бұрын қарамағында жұмыс істегені жайлы жазылды. Бұған дейін тараған полиция мәліметінде шабуыл жасауына «жұбайына тиіскені» себеп болды деген нұсқа да айтылды.
Сонымен қатар, Respublica партиясының тең төрағасы Бейбіт Әлібековтің айтуынша, оқиға Шымкенттегі құрылыс саласындағы тәртіп орнату әрекетімен байланысты болуы мүмкін. Сонымен қатар, Берденовке оқиға болар күні қоқан-лоққы көрсетілген.
Қазіргі уақытта, қарулы шабуыл жасалуына байланысты полиция кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.
Сондай-ақ, мәжіліс депутаты Айдарбек Қожаназаров Шымкент әкімінің орынбасары Руслан Берденовке жасалған қастандыққа қатысты пікір білдірген еді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық