Берденовке оқ атқан күдіктінің әйелі алғаш рет мәлімдеме жасады
Коллаж: Orda.kz
Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовке қарулы шабуыл жасаған ер адамның әйелі алғаш рет мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Orda.kz.
Күдікті Ернар Жиенбайдың әйелі Луиза Алданова бір айдан кейін әлеуметтік желідегі парақшасында болған жағдайға қатысты үн қатты. Ол енді ғана ес жиғанын жазды. Әрі осы уақыт бойы отбасымен бірге Руслан Берденовтің денсаулығына алаңдап, оның амандығын тілепті.
«Жалпы, менің жолдасым Ернарды, мені және біздің ата-аналарымызды жақсы білетін адамдар, таныстарымыз, туыстарымыз біздің қандай қарапайым, отбасын бірінші орынға қоятын жандар екенімізді де біледі деп ойлаймын. Сонымен қатар, оларды біздің жат әрекеттерге, жаман істерге бармайтынымызға да сенімді деп білемін. Десе де, Ернарымыз жаза басқан екен, қателескен екен...» деп жазды ол.
Күдікті Ернар Жиенбайдың әйелі болған жағдайға өзінің қатысы жоқ екенін баса айтты. Айта кетейік, оқиғаға қала әкімінің орынбасары осы Ернардың «жұбайына тиіскені» себеп болды деген болжам айтылған еді.
«Сондай-ақ осы жағдайға менің де қатысым бар деген бастапқыда тараған қауесетті үзілді-кесілді жоққа шығарамын. Ата-анадан көрген тәрбием, бойға сіңген иманым мұндай арсыз қылыққа аттап бастырмайтыны айдан анық» деп жазды Луиза Алданова.
Бұған дейін Ернар Жиенбайдың әкесі Жиенбай Пірәлиев Orda.kz тілшісіне 21 сәуір күні болған оқиғаға қатысты мәлімдеме берген еді. Ол да бұл жағдайға келінінің еш қатысы жоғын айтқан.
Айта кетейік, 21 сәуір күні Шымкентте қала әкімінің орынбасары Руслан Берденовті атып кетті. Оқиға кешкі сағат 20:30 шамасында қалалық әкімдік ғимаратының жанында болған. Көп ұзамай Берденовке кім оқ атқаны белгілі болды. Күдікті сол күні ұсталды.
Бір күннен кейін бес рет оқ атылып оның екеуі өкпесі мен бүйрегіне тиген Руслан Берденов ауруханада есін жиды.
Ал 12 мамыр күні ажалдан аман қалған Берденов көпшілікке алғысын айтып, әлеуметтік желіде жазба жариялады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық