Белгілі әнші Ернар Айдар жаңа көлігімен мақтанамын деп айыппұл арқалады
Бейнеден кадр
Белгілі әнші Ернар Айдардың жаңа көлікпен мақтанған бейнежазбасы интернет кеңістігінде таралып, полицияның назарын аударды, деп хабарлайды Orda.kz.
Бейнежазбада Ернар тас жолдың қақ ортасындағы қос тұтас сызықтың үстіне жол талғамайтын жап-жаңа көлігін қойып, онымен қоштасады да, артынша жаңадан алған автокөлігін көрсетеді. Жамбыл облысының полиция қызметкерлері бұл әрекеттен жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзылғанын анықтады.
Нәтижесінде әншіге әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің бірден үш бабы бойынша жауапкершілік жүктелді:
— көлік құралын дұрыс емес жерде тоқтату және қою;
— жол белгілері мен жол таңбаларын елемеу;
— жолды белгіленбеген жерден кесіп өту.
Тексеру қорытындысы бойынша құқық бұзушыға айыппұл салынды. Ішкі істер министрлігінде жол үстінде бейнежазба түсіру қауіпті болуы мүмкін екенін еске салды.
Кім біледі, мүмкін бұл елдің назарын аудару үшін әдейі жасалған «шығармашылықтың» жаңа бір түрі шығар? Қазір хайп қуып, жұрттың көзіне түсіп, сөзге әдейі ілігіп «өзін ұмыттырмау» үшін қиялы аспандағандар неге бармай жатыр?
Еске салсақ, 2020 жылы 23 сәуірде Ернар Айдар күллі Қазақстанды дәл осылай шулатқан болатын. Конкурс ұйымдастырып, 4 қымбат көлік пен пәтер ойнатып жатқанда оның коттеджіне тікелей эфир барысында полиция баса көктеп кіріп, қолына кісен салған еді.
Сол жылы әншінің ұсталған сәтіндегі видеосы қазнэтте қызу талқыланды. Сол кезде Ернар Айдардың конкурсына арналған ресми парақша бұзылды деген сылтаумен төрт рет жаңартылып, жарнамалық роликтері бес рет түсіріліпті.
Дегенмен журналистер қымбат машиналардың әртүрлі екенін аңғарып, ұтысқа тігілген «Лэнд Крузердің» бірін іздеп тауып, оның жалға алынғанын анықтаған болатын.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық