Алматыда 14 жасар қызды зорлады деген күдікпен әнші ұсталды
Фото: әлеуметтік желіден
Алматы облысындағы қонақ үйлердің бірінде 14 жасар қызды зорлады деген күдікпен әнші ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.
6 мамырға қараған түні Өтеген батыр ауылында орналасқан қонақ үйде шамамен сағат 03:00-де рейд кезінде 2011 жылы туған мектеп оқушысы мен оқушылар сарайында домбыра үйірмесінде сабақ беретін ұстаз ұсталды.
Алматы облысының білім бөлімінің хабарлауынша, қыздың анасы Іле ауданының полициясына жүгініп, кәмелетке толмаған қызын қонақ үйде Д. атты азамат зорлағанын хабарлаған. Тексеру барысында 1992 жылы туған Д. деген азаматтың №9 бөлмеде қылмыс жасағаны анықталды.
Orda.kz дереккөзінің хабарлауынша, 14 жасар қыз Алматыдағы мектептен Іле ауданындағы білім ордасына ауысқан. Ал күдікті 1992 жылы дүниеге келген Құрманғазы атындағы ұлттық консерваторияны бітірген кәсіби домбырашы, №6 оқушылар сарайында домбыра үйірмесінің ұстазы.

«2025 жылғы 5 мамырдан 6 мамырға қараған түні сағат 03:00 шамасында Алматы облысы, Өтеген батыр ауылындағы «У Розы» қонақ үйінде рейд өткізу барысында 2011 жылы туған Р. атты №67 мектептің оқушысы мен 1992 жылы туған Д. есімді мұғалім ұсталды. Бұл деректер негізінде Іле ауданының полиция басқармасы Қылмыстық кодекс бойынша іс қозғады», — деп мәлімдеді Іле ауданының полиция басқармасы.
Алдын ала ұйымдастырылған қойылым
Orda.kz тілшісі оқиға болған жерге барып қайтты. Оқиға Іле ауданы Өтеген батыр ауылындағы «У Розы»
қонақ үйінде болған. Қонақ үйіндің басшысы бұл оқиғаны алдын ала ұйымдастырылғандығын айтты.
«Біздің қонақ үйдің есігі көше жаққа қарап тұрады. Қыз есік алдында тұрды. Ал жігіт ішке кіріп номерді рәсімдеп ішіне кіріп көрді. Жігіт қайта далаға шығып темекісін тартып, қызбен сөйлесіп тұрды. Жігіт қайта ішке кіріп кеткен соң артынан қыз ішке кірді, артынша полиция қызметкерлері жетіп келді. Сөздің ашығы олар тіпті шешініп те үлгерген жоқ. Ол жерде ешқандай зорлық зомбылық болған жоқ. Қыз өз еркімен келді. Осының барлығы бар жоғы үш минуттың ішінде болды», — деді Роза.
Розаның айтуынша 100 пайыз қойылым. Олар бөлмеге кіріп үлгермеген. Қонақ үйдің қызметкері қыздың кәмелет жасқа толмағанын байқамаған.
«Полиция қызметкерлері біздің ауданның қызметкерлері емес. Олар алдын ала білген. Себебі қазір полиция шақырсаң әрең келеді. Бұлар Алмалы аудандық полиция қызметкерлері, сонау қаладан қалайша екі минуттың ішінде келе қалды? Бұл балаға жала жабылып отыр. Егер біз қыздың зорлықпен келгенін көрсек тез арада керекті шараны қолданар едік. Біз тек нөмірді алған адамның құжатын тексереміз. Ал нөмірді ер адам рәсімдеді», — деді қонақ үй басшысы.
Қонақ үй басшының айтуынша мұндай жерлерге бәрі өз еркілерімен келеді. Зорлайтын ниеті болса да тіпті қонақ үйге әкелмейді. Себебі қонақ үйдің барлық жерінде камера мен күзетшілер болады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық