Балалардың аузына түкіруімен танылған әнші қоғамнан теріс айналды
Фото: ашық дереккөзден
Қазақстандық әнші Төреғали Төреәлі шығармашылық жолын аяқтағанын жариялады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл туралы ол Instagram парақшасында қысқа, бірақ драмалық сипаттағы жазба қалдырған:
«Жетер. Бәрін тоқтаттым. Сахна. Камера. Ән. Жарық. Келесі қадам — үнсіздік» деп жазды әнші.
Төреғали Төреәлінің бұған дейін түрлі даулармен аты шыққан болатын. Солардың бірі 2019 жылы Астанада өткен концерттердің бірінде болған. БАҚ мәліметінше, концерт кезінде екі кішкентай бала сахнаға шығып, әншіге гүл сыйламақ болған. Алайда, Төреғали оларға алғыс айтудың орнына, олардың аузына түкірген, мұнысы балалардың есінде қалсын деген әрекет болса керек.
Сондай-ақ, ол есірткіге мас күйде көлік жүргізгені үшін 20 тәулікке қамалып, жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылған. Сонымен қатар, әншіге қатысты ҚР ҚК-нің 378-бабы — «Билік өкілін қорлау» бойынша қылмыстық іс қозғалған.
2023 жылы Төреғали Төреәлінің Алматыдағы атышулы қамаудан кейінгі суреті әлеуметтік желіде тарап кетті. Ол артынша қамауға алынғаны туралы өлең шығарды.
Былтыр атышулы Төреғали Төреәлі Алматыдағы Арбатқа қайыршы болып киініп, көшедегі жұрттан қайыр сұрады.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық