«Бектеновтің сынынан нәтиже жоқ»: Ақтөбе облысы Жұрын ауылындағы жаңа асфальт үгітіліп жатыр
Фото: Orda.kz
Үкімет басшысы «Жұрын-Қаракөл» бағытындағы жаңадан салынған жолдың үгітіліп жатқанын бір жыл бұрын айтты. Жергілікті әкімдік құр уәдеден әрі аса алмады. Антикор іс қозғады, деп хабарлайды Orda.kz.
Ақтөбе облысындағы Мұғалжар ауданы әкімдігі мердігермен соттасып, жеңіліп қалды. Сот жергілікті әкімдіктің апелляциялық шағымын қанағаттандырған жоқ. Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қылмыстық іс ашты.
Жұрын мен Қаракөл ауылы арасындағы 30 шақырымдық жол 2 жылдан бері жыр боп тұр. Мердігер — «САБ-ДорСервис». Тапсырыс беруші — аудандық ТҮКШ бөлімі. 2022 жылы орташа жол жөндеу жұмыстары үшін 743 117 396 теңгеге шарт жасалған.
2023 жылы Мұғалжар ауданындағы «Жұрын-Қаракөл-Ащысай» аудандық маңызы бар жолдың жасалған бөлігіне ішкі мемлекеттік аудит тексеріс жүргізді. 326 млн теңгенің атқарылмаған жұмыс анықталды. Сот болды, мердігерге мемлекет пайдасына 47 млн теңге өндіру міндеттелді. Тапсырыс беруші мен мердігер қол қойған актіде ақау бар.
«Нысан 2023 жылдың қазан айында қабылданды. Күзгі жауын-шашыннан кейін мамандар бірнеше учаскелерде ақауларды анықтады. Жергілікті атқарушы орган анықталған кемшіліктерді жою үшін дереу экономикалық сотқа талап арыз берді. Алайда сот өтініштің бір бөлігін ғана қанағаттандырды. Апелляциялық шағым қабылданбады. Қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тарапынан қылмыстық іс жүріп жатыр. Сондай-ақ, мердігермен бірге автомобиль жолдарына қатысы жоқ учаскелері туралы ақаулы акт жасалды. Тапсырыс беруші мен мердігер қол қойған ақаулы актіге сәйкес мердігер 24 635 шаршы метрлік асфальт төсемді қайта төсеу міндеттемесін алды», — деп хабарлайды Мұғалжар ауданының әкімдігі.
2024 жылы Қаракөл-Ащысай жолының орташа жөндеу жобасы бойынша шарт жасалды. Құрылыс-монтаж жұмыстарына «NTiger» ЖШС, техникалық қадағалау қызметі жұмыстарына «SSK Holding» ЖШС-і мен «Центр Качества «СервисСтрой» ЖШС-і жауапты.
Үкімет басшысы Олжас Бектенов Жұрын мен Қаракөл ауылдары арасындағы жол сапасын сынап, жаңа асфальттың үгітіліп жатқанын сынаған еді. Үгітілген жол сол күйі жатыр.
Айта кетейік, осыған дейін Orda.kz тілшісі Мұғалжар ауданында бес жыл бойы салынған саябақтың қаңырап тұрғаны туралы жазған еді.
Сондай-ақ тілшіміз дәл осы Жұрынның жолында жұлынған қызғалдақпен суретке түскен әкімді біреулер сотқа тартып, оның жазадан құтылғаны жайлы жазған еді.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық