«Құны 273 млн»: Ақтөбеде бес жыл бойы салынған саябақ әлі қаңырап тұр
Фото: Orda.kz
Ақтөбе облысы Қандыағаш қаласында бес жыл бойы салынған саябақтың кемшілігі көп. Аудандық әкімдік жүздеген миллион теңге жұмсаған демалыс орнын кемшілігімен қоса қабылдаған. Гранит тастар мүжіліп жатыр. «Мәңгілік алау» мүлде қосылмаған, деп хабарлайды Orda.kz.
Қандыағаш қаласы Сәкен Сейфуллин көшесіндегі саябақ құрылысы 2019 жылы басталған. Жергілікті әкімдік құрылыстың аяқталған уақытын айтудан шатасты.
«Саябақ құны шамамен 270 млн теңге болады. Ақша толық игерілді. Ол ақшаға суағар, арка, тротуар, спорт алаңы, газон, электр желісі тартылған. Бірақ бұл саябақты біз әлі қабылдаған жоқпыз. Биыл жұмысты толық аяқтап, іске қосуға дайындаймыз. Саябақ құрылысы екі жылда аяқталу керек еді. Мәңгілік алау саябақ толық қабылданбағаннан соң қосылмады. Саябақ толық бітпеген соң, электр шамдарын сындыру дерегі болды. Толық аяқталған жоқ. Жарықтандыруды дұрыстау, жүргіншілер жолындағы тастарды түзеу керек», — деді Мұғалжар ауданының әкімі Дархан Ермағамбетов.
Аудан әкімдігі толық ақпарат сұрағанымызда саябақты 2023 жылдың желтоқсан айында қабылдағанын айтты. Жазбаша мүлде өзге ақпарат берді.
«Сейфуллин көшесінде орналасқан саябақ» нысанының құрылыс жұмыстары 2019 жылы басталды. Жобаның жалпы құны 273 463 000 теңге. Мердігер – «Ғимарат+1» ЖШС. Қазіргі уақытта нысан бойынша анықталған бірқатар ақауларды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған кемшіліктерді қалпына келтіру бойынша мердігер ұйымға тапсырма берілді», деп жазылған аудан әкімдігінің хабарламасында.
Құрылысы бес жыл жүрген саябақты арнайы барып көрдік. Саябаққа кіреберістегі гранит баспалдағы мүжіліп жатыр. Екі жыл бұрын қабылданған саябақтан жайқалған ағаш көрінбейді. Көшеттер ғана тұр. Ұқыпсыз орналасқан жарықтандыру желісі, сынған орындықтар жатыр. Қараусыз саябақты құрылыс бөлімі қабылдаған. Қалалық әкімдіктің балансына беру жұмыстары енді жүріп жатыр.


Аудан әкімдігінің Facebook желісіндегі ресми парақшасы 2018 жылы жаңа саябақтың жобалық-сметалық құжатын көрсетеді. Сол жылы аяқталады деп уәде еткен. Ал 2020 жылы әкімдіктің Instagram желісіндегі ресми парақшасы басталған құрылысты көрсетеді. Бұл жолы 40 мың шаршы метр саябақ құрылысы 2021 жылы аяқталады деген. Саябақ ішін көгалдандырып, шырша мен аққайың ағаштары отырғызылатыны айтылған. Демалыс шатырлары орналасатыны, Мәңгілік алау жағылатыны тайға таңба басқандай жазулы тұр.
Бірақ шынайы көрініс басқаша. Желідегі эскизде екі демалыс шатыры тұр. Бірақ қазір саябақ алаңында тек біреуі ғана бар. Мәңгілік алаудың аты ғана бар, іске қосылмаған күйі тұр. Оған газ баллонын апарып, жалғауы тиіс. Баллонда газ бітсе, алау сөнеді.


Қазіргі уақытта Мұғалжар ауданындағы сәулет және құрылыс бөлімінің басшысы Әнес Сейілхан басқа іспен күдікке ілінген. Әнес Сейілхан, аудандық мәслихаттың бұрынғы төрағасы Бақытжан Кадралин және аудандық мәслихаттың тағы бір депутаты Азамат Жәлімбетов бюджеттен 672 млн теңге ұрлады деген күдікке ілінді. Ескі жатақхананы тұрғын үй деп құжатын өзгерткен. Аз қамтылған отбасыларға беру үшін мемлекетке сатқан.
Қазіргі уақытта Мұғалжар ауданында басқа қылмыстық іске тергеу жүріп жатыр.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық