Хромтау әкімі пара алғанын мойындап, 12 млн теңге айыппұлмен құтылды
Фото: Gov.kz
Хромтау қаласының экс-әкімі Сағындық Шабықбаев сотта абаттандыру жұмыстары бойынша актіге қол қоймағаны үшін пара алғанын мойындады.
Orda.kz тілшісі сотқа қатысып қайтты.
Сот оған параның 30 еселенген мөлшерінде айыппұл төлеуді міндеттеді. Экс-әкім енді өмір бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.
Ақтөбе облысы Хромтау қаласының экс-әкімі Сағындық Шабықбаев ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Ол пара алу ісі бойынша кінәсін толық мойындап, 12 миллион теңге айыппұлмен жазаланды. Қамауда болған уақыты ескеріліп, түпкілікті 11,3 млн теңге айыппұл төлеу міндеттелді.
Қылмыстық іс бойынша екі сотталушы бар. Оның бірі — 40 жастағы Хромтау қаласының экс-әкімі Сағындық Шабықбаев. Оның төрт баласы бар. Екіншісі — Нұрбек Қазбек. Ол пара алуға көмектескен, істе жұмыссыз ретінде көрсетілген. Екі сотталушы да ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 2-бөлігімен айыпталды.
«Сағындық Шабықбаев кінәлі деп танылып, оған мүлкін тәркілеусіз, мемлекеттік қызметте, судья, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында және қаржы ұйымдарында қызмет ету құқығынан өмір бойына тыйым салынып, алған параның 30 еселенген сомасы — 12 млн теңге көлемінде айыппұл жазасы тағайындалсын. Нұрбек Қазбек кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілеусіз мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылып, алған параның 30 еселенген сомасы — 12 млн теңге көлемінде айыппұл жазасы тағайындалсын», — деді судья Бақытжан.
Сот ісі қысқартылған тәртіпте қаралды, себебі екі сотталушы да айыпты толық мойындаған.
«Өзім жасаған ісіме толық өкінемін. Маған тағылған айыппен толық келісемін және кінәмді мойындаймын. Жазаны айыппұлмен өтеуді сұраймын», — деді экс-әкім соңғы сөзінде.
Ол Хромтау қаласының әкімі қызметін 2023 жылдың қыркүйек айында бастаған. 40 жастағы Сағындық Шабықбаев бұл қызметке дейін бірнеше мемлекеттік лауазымда жұмыс істеген.
Сот шешіміне сәйкес, екі айыпталушы да айыппұлды толық көлемде төлеуге міндетті. Олар айыппұл төлеуге жеткілікті қаражаты бар екенін бірнеше рет мәлімдеген.
Айта кетейік, бұған дейін Хромтау қаласының әкімі пара алды деген күдікпен қамауға алынғанын жазған едік.
Автор: Ардақ Ерубаева
Жаңалықтар
- Қазақстандағы электр желісіндегі ақауға не себеп болды? KEGOC жауабы
- Шымкентте экс-күйеуі әйелдің бетіне қышқыл шашып, күйдіріп тастады: Оқиғаның мән-жайы
- «Баланың басынан таяқпен ұрған»: Бейімдеу орталығының маманы балаларға қатыгездік көрсеткен
- Ана мен бала өлімі азайды: Қазақстан медицинасының жаңа көрсеткіштері
- 20 адам зардап шегіп, 45 млн теңгеден астам шығын келтірген алаяқ әйел сотталды
- Павлодар облысының тұрғыны полиция бөлімінде жұмбақ жағдайда қайтыс болды
- Отбасын қолдау орталығының заңгері әйеліне тұрмыстық зорлық-зомбылық жасаған
- Оралда септикке құлаған 8 жастағы қыз көз жұмды
- Астанада автобус самокат мінген жасөспірімді қағып кетті
- Садыр Жапаров екінші президенттік мерзімге сайлауға түсу жоспарын жариялады
- Алматыда бір тәулікте 2 мыңнан астам жол ережесін бұзу фактісі анықталды
- «Дайвинчик»: Танысуға арналған танымал Telegram-ботына сот арқылы тыйым салынды
- Колумбиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 280-нен асты
- Ауғанстанда 2,4 миллион қыз орта білім ала алмай отыр
- Ақтөбеде мұғалім әйел алаяқтық күдігімен ұсталды
- Күннің тұтылуын тамашалаған Германия халқы көз ауруына шағымданды
- Қазақстанда 276 мыңнан астам вейп тәркіленді
- Тәшиев 2027 жылы президент болуы мүмкін еді: Жапаров өз жоспарын ашып айтты
- Дастан Сәтбаевтың бейнесі АПЛ-дың ресми сайтына қосылды: Ол «Челсиде» қала ма?
- Тағы бір жоғары лауазымды полицей Таразда ұсталды