Баспана кезегін сату ісі: «Отбасы банк» басшысы жағдайды түсіндірді
Фото: Отбасы банк мұрағатынан
Жақында 2025 жылғы «Отбасы банк» қызметкерлерінің қатысуымен болған бірнеше сыбайлас жемқорлық схемасына қатысты есеп жарияланды. Осыдан кейін баспана кезегін сату төңірегінде туындаған резонансты жағдайға банктің басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимова пікір білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Біз бұған дейін «Отбасы банкте» жемқорлық схемасы анықталғаны туралы Қазақстан қор биржасында жарияланған банктің жылдық есебінде берілгенін жаздық.
Банктің басқарма төрағасы Ләззат Ибрагимованың айтуынша, қызметкерлердің клиентке тұрғын үй кезегінде неғұрлым тиімді орынға сыйақы алып, оның өтуіне көмектескені анықталған.
Осы жағдайға байланысты екі қызметкер жұмыстан шығарылып, тиісті материалдар полицияға жолданған. Қазір қылмыстық іс тергеліп жатыр.
Осыған орай, кезегі заңсыз берілген пәтердің несие келісімшарты жасалғанға дейін тоқтатылған. Пәтер қайтадан жалпы пулға қайтарылған. Сондықтан банкке де, кезекте тұрған басқа азаматтарға да материалдық шығын келмеген.
Ибрагимованың айтуынша, осы оқиғадан кейін банк қызметкерлерінің жүйедегі барлық әрекетін тіркеп отыру үшін цифрлық бақылау күшейтілген.
Еске салсақ, банк қызметкерлері клиенттерді тұрғын үй кезегінде жылжыту және риелторлар, нотариустар мен жеке сот орындаушыларының мүддесі үшін заңсыз сыйақы алғаны белгілі болып, бұл мәселе қоғамда резонанс тудырған еді.
Оқи отырыңыз:
- «Отбасы банк» қызметкерлері тұрғын үй кезегін сатқаны анықталды
- Ұлттық банк 2027 жылдан бастап несие санына шектеу енгізеді
- Елімізде банктер бірін-бірі жұтып жатыр, оның салдары қандай болады?
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық