Балаларды зорламақшы болған АИТВ жұқтырған адам 20 жылға сотталды
Фото: freepik.com
Құқық қорғаушы Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында өзінің АИТВ мәртебесін біле тұра, Астанада кәмелетке толмаған балаларға шабуыл жасаған 30 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық іс туралы жазды, деп хабарлайды Orda.kz.
Апелляциялық шағым қаралғаннан кейін сот үкімі заңды күшіне енді.
Оның айтуынша, ер адам бұған дейін бес рет қылмыстық жауапкершілікке тартылған. 2025 жылғы шілдеде ол алдымен бірнеше қызға шабуыл жасаған. Көршілері оны ұстап, полицияға тапсырғанымен, кейін босатылған.
Келесі күні ол 12 жастағы және екі жастағы екі апалы-сіңліге шабуыл жасаған. Қыздар дүкеннен қайтып келе жатқан кезде ер адам олардың артынан келіп, үлкен қызға тиіседі. Апалы-сіңлілілер қашуға тырысқанымен, ер адам оларды қуып жетіп, қалың шөптің арасына қарай сүйреп барған. Сол жерде ол қызға тиісуге әрекет жасаған.
Қыз айқайлаған кезде ер адам оның беті мен ішінен ұрып, кейін кішкентай қарындасын ұстап, тұншықтыра бастаған. Үлкен қыз шабуыл жасаған адамды тістеп алған. Осы сәтті пайдаланып, екі қыз оның қолынан босап, қашып кеткен.
Таңсәрінің айтуынша, осы оқиғадан кейін де ер адам қайтадан босатылған.
Бастапқыда оның әрекеті Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 121-1-бабы – «Он алты жасқа толмаған адамдарға сексуалдық сипаттағы тиісу» бойынша сараланған. Бұл бап бойынша айыппұл салу, түзеу немесе қоғамдық жұмыстарға тарту, сондай-ақ 50 тәулікке дейін қамауға алу жазасы қарастырылған.
Құқық қорғаушылар қылмысты саралау тәртібін өзгертіп, айыпты қатаңдатуды талап етті. Нәтижесінде іс Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 121-бабының 4-бөлігі – сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттері бойынша қаралды.
Маусым айында Астана соты ер адамды 20 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Апелляциялық сотта іс қаралғаннан кейін үкім заңды күшіне енді.
Оқи отырыңыз:
- Министрлік eGov бұзылып, 15 млн адамның дерегі тарап кетті деген ақпаратқа түсініктеме берді
- Су күніне екі сағат қана беріледі: Ақши тұрғындары 10 жылдан бері мәселенің шешілуін күтіп жүр
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық