Етті түсіңде көресің: Ел халқы көп тұтынатын негізгі тағамдар қымбат, үкімет шешім таба ма?
Фото: Pixabay
Қазанда Қазақстанда қызанақ, тартылған ет, сүйексіз сиыр еті, жылқы еті, жаңа піскен қияр, балық және банан тағы да қымбаттады. Нақ осы өнімдердің азық-түлік инфляциясының өсуіне әсері көп екен. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен бағаны тұрақтандыру жөніндегі кеңесте айтылды, деп хабарлайды Orda.kz.
Отырыста азық-түлік себетіне және әлеуметтік маңызы бар тауарлар тізімін кеңейту мүмкіндігіне алдын ала талдау жасалды.
Үкіметтің мәліметінше, қарашаның үшінші аптасында бірінші кезектегі қажетті тауарлар бағасының өспепті. Осы тұста жылдық салыстырғанда қызанақ 36,6%, қияр 43,4% арзандады деген мәлімет берілді.
«Барлық өңірлерде азық-түлік инфляциясын талдау қорытындысы бойынша біз бағаның өсуіне барынша үлес қосатын, бірақ әлеуметтік маңызы бар тізімге кірмейтін топ-30 тауарды қалыптастырдық. Бұл ет түрлері, жас балық, алма, алмұрт, лимон, шай, ірімшік, салқын ысталған скумбрия, банан, қызанақ, қияр және басқалары. Олардың арасында импорт үлесі жоғары тауарлар да, бағалары негізінен айлық, бірақ жылдық емес инфляцияға әсер ететін тауарлар да бар. Осы тізімнен біз әлеуметтік маңызы бар тізімге енгізілуі мүмкін 23 позицияны анықтадық. Енді ұсыныстарды бизнес өкілдерімен талқылайтын боламыз», - деді Айжан Бижанова.
Егер тізім кеңейтілсе, бизнеске ашық мәмілелер, шарттар, шот-фактуралар, фискалдық чектер және 15% -дан аспайтын сауда үстемесі сияқты талаптарды сақтау қажет болады.
Серік Жұманғарин Сауда министрлігіне, қауымдастықтар мен «Атамекен» ҰКП-ға кәсіпкерлермен әр позицияны талқылап, импорт құрылымын зерттеуді тапсырды. Шешімдер кеңес аяқталғаннан кейін қабылданады.
Еске салсақ, шілде айында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасына жүргізілген, мониторинг қорытындысы бойынша Шымкент қаласында жыл басынан бері 200-ден астам кәсіпкер мен ет бағасын негізсіз көтерген 15 сатушы жауапқа тартылған болатын.
Ақпандағы Data Hub деректеріне сүйенсек, баға әсіресе Өскемен, Көкшетау және Жезқазғанда шарықтап, бір аптада 3,5–4,4 % қымбаттады. Ел бойынша әлеуметтік маңызы бар өнімдер тізіміне кіретін сиыр етінің төс-жауырын бөлігі орташа есеппен 3,9 %-ға қымбаттады.
Қыркүйектің басында баға диапазоны бір келі ет үшін 2400-ден 3700 теңгеге дейін өзгеріп тұр деп жауапты ведомство есеп бергенімен, негізінен кей жерлерде сиыр етінің бағасы 4000-нан, жылқы еті 5000 мың теңгеден асып кеткені рас.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық