Бадам өзенінен тас ұрлағандарға қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды
Сурет ЖИ көмегімен жасалды
Шымкентте толаcсыз жауған жаңбыр мен қар суы жуырда жөнделген бөгеттен асып кетті. Құны 2,7 млрд теңге тұратын қоршау құрылысын жергілікті билік желтоқсан айында ғана аяқтаған. Алайда, ол көктем түгілі ақпандағы тасқынға тосқауыл бола алмады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұған жөнделген бөгеттің сапасыздығы емес, белгісіз адамдардың сұғанақтығы себеп дейді жауаптылар. Себебі Бадам өзеніндегі қоршау маңын әлдебіреулер қазып, сол арадан заңсыз тас ұрлаған. Тосқауыл болатын тасы жоқ бөгетті су шайып жіберген.
Шымкент қаласы қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасының басшысы Оңғар Әбілқайыр қазір тас ұрлап тасығандарға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталғанын мәлімдеді.
«Бетондалған аумақтың 9 және 10 пикет (бір шақырымды теңдей бөлгендегі 100 метрлік аралық — ред.) аралығында 40 метр болатын бетон қабаты бүлінген. Белгісіз азаматтар заңсыз кіріп, тас алған. Қазіргі уақытта мердігер мекеме тарапынан бүлінген бетон қабатын қайта қалпына келтіру жұмыстары басталды. Адамдардың өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп жоқ», — дейді ол.
Сонымен қатар басқарма басшысы қираған қоршау қарқынды түрде реттеліп жатыр деп сендірді.
Авторы: Назерке Еркінбекқызы, Шымкент
Оқи отырыңыз:
- Тоқаев UAE SWAT Challenge-2026 турнирі жеңімпаздарын марапаттады
- Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша Олимпиада ойындарының ширек финалына жолдама алды
- Қазақстан McDonald’s желісін етпен қамтамасыз ете алмады
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық