Тоқаев UAE SWAT Challenge-2026 турнирі жеңімпаздарын марапаттады
Фото: Ақорда
Ақордада аталған беделді жарыстан жүлдемен оралған командаларды салтанатты түрде марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, олардың нағыз қазақ жауынгеріне тән рухты әлемге танытып, Қазақстанның абыройын асқақтатқанын ерекше атап өтті.
«Сіздер намысты қолдан бермей, байрақты бәсекеде топ жардыңыздар. Соның нәтижесінде көк Туымыз биікте желбіреді, ел мерейі үстем болды. Халқымыз сіздерді мақтан тұтады. Дубайда өткен, 48 елден 100-ден аса команда қатысқан бұл дода – халықаралық деңгейдегі маңызды әрі аса тартысты жарыс. Бес күнге созылған сын барысында қатысушылар күрделі тапсырмаларды орындап, талай кедергіні еңсеруге тиіс болды. Біздің жауынгерлер табандылық танытып, әскери міндеттерді мінсіз атқарып, жоғары шеберліктерін дәлелдеді. Мұндай бәсекеге әр мемлекет ең таңдаулы сарбаздарын жібереді. Осындай мықтылар арасында озып шығу – оңай жетістік емес. Бұл – кездейсоқ табыс емес, қажырлы еңбек пен берік ерік-жігердің жемісі. Әрбір жеңіс – кәсіби дайындық пен асқан шеберліктің айғағы», — деді президент.

Мемлекет басшысы былтыр осы турнирде Қазақстан құрамасы екі күміс жүлде алғанын еске салды.
«Биыл да ұлттық командамыз сол жеңісті жолды жалғастырып, абыроймен елге оралды. «Қазақстан С» командасы абсолютті чемпион атанып, турнир тарихында өз ізін қалдырды. Бұл жеңіс жылдар өтсе де ұмытылмайды. Ал «Қазақстан А» командасы екінші орын иеленіп, бәрімізді қуантқан жоғары нәтиже көрсетті», – деді Тоқаев
Президент «Томирис» қыздар құрамасының жетістігіне айрықша тоқталды
«Сұлу қыздарымыз өте жоғары деңгейде өнер көрсетті, шеберлікпен алға шығып, әйелдер арасында топ жарды. Қазақстанның намысын қорғаған бес құраманың бәрі де үздік 20 команданың тізіміне кірді. Бұл нағыз жасампаз отаншылдық деп күмәнсіз айтуға болады. Төрткүл дүние ұл-қыздарымыздың мықтылығына куә болды. Сондықтан тағы да атап өткім келеді, сіздер көрсеткен мықты тактикалық дайындық, айрықша күш-жігер мен тамаша топтық жұмыстың арқасында әлем жұртшылығы қазақтың батыл, қайсар және өр рухты ұлт екеніне көз жеткізді. Баршаңызға шынайы ризашылығымды білдіремін. Барлық бапкер мен жаттықтырушыға және әскери басшыларға, басқа да мамандарға зор алғыс айтамын», – деді президент.

Марапаттау рәсімінде UAE SWAT Challenge-2026 турнирінің қатысушылары Нұрсұлтан Сапаров, Дарина Билденова, Максим Бухметов және Наталья Местоева сөз сөйледі.

Мемлекет басшысының Жарлығымен UAE SWAT Challenge-2026 халықаралық жарысынан жеңіспен оралған бір топ офицер мен әскери қызметкер Бауыржан Момышұлы атындағы ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, «Жауынгерлік ерлігі үшін» медалімен және Қазақстан Республикасы Президентінің Алғысымен марапатталды.

Мемлекет басшысы арнайы жасақ қызметкерлері мен әскерилер әрдайым тәртіп пен мінсіз кәсібиліктің үлгісін көрсетіп, мемлекет мүддесін қорғау үшін батыл әрекетке дайын болуы қажет екенін айтты.
«Қазіргі күрделі әрі тұрақсыз геосаяси ахуал ел қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тың тәсілдерін әзірлеуді талап етеді. Сондықтан мемлекет әскери-күштік құрылымдарды кешенді түрде жаңғыртуға, технологиялық тұрғыдан жан-жақты жарақтандыруға баса мән береді. Сіздердің жарыстағы табыстарыңыз – еліміздің күштік құрылымдарын жүйелі дамытудың, әскер қатарындағы жоғары моральдық рух пен физикалық даярлықтың нәтижесі. Сіздер Отанға қалтқысыз қызмет етіп, антқа адал болсаңыздар, Қазақстанның қорғаныс қабілеті нығая түсетініне сенімдімін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еске салсақ, 16 ақпанда Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті. Ресей басшысы Қазақстанға мамыр айында келетін болды. Владимир Путин мамыр айының соңында Астанада өтетін Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес отырысына қатысатынын айтты.
Оқи отырыңыз:
- Мемлекет басшысы кәсіби сумо балуаны Ерсін Балтағұлды қабылдап, ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
- «Отаныма разымын»: Шайдоров Қазақстан халқына ризашылығын білдірді
- Қазақстанға тарихи жеңіс сыйлаған Михаил Шайдоровты әлем құттықтап жатыр
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық