Абзал Әжіғалиев пен Денис Никиша Олимпиада ойындарының ширек финалына жолдама алды
Фото: ҰОК
Милан қаласында ұйымдастырылған XXV қысқы Олимпиада аясында шорт-тректен ерлер арасындағы 500 метр қашықтық бойынша іріктеу кезеңі аяқталды. Қазақстан құрамасының қос өкілі де келесі айналымға сәтті өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Әлем кубогы кезеңдері мен Азия ойындарының чемпионы Әжіғалиев өз тобында алдына жан салмай, мәре сызығын бірінші болып кесіп, ширек финалға тікелей шықты. Ал әлем чемпионатының екі мәрте күміс жүлдегері, Азия ойындарының жеңімпазы және Олимпиаданың ашылу рәсімінде ел туын ұстаған Никиша өз жарысында үшінші орын алғанымен, уақыт көрсеткіші арқылы келесі кезеңге өтті.
Айта кетейік, бұл дода — қос спортшының мансабындағы төртінші Олимпиадасы. Ширек финалдан басталатын шешуші бәсекелер 18-інен 19 ақпанға қараған түні өтеді.
Оқи отырыңыз:
- Мемлекет басшысы кәсіби сумо балуаны Ерсін Балтағұлды қабылдап, ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен марапаттады
- «Ордабасы» футбол клубы жекеменшікке өтті: Шымкенттік клубты кім сатып алды?
- «Отаныма разымын»: Шайдоров Қазақстан халқына ризашылығын білдірді
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық