«Аз жалақыға ауыр жұмыс істейді»: Коммуналдық қызметкерлерді сынап басы дауға қалды
Фото: Бейнежазбадан кадр
Алматыда жергілікті тұрғын үзіліс кезінде демалып отырған коммуналдық қызметкерлерді видеоға түсіріп, жұмысшылардың отырып, жатып демалып жатқанына наразылық білдірді, деп хабарлайды Orda.kz.
Алайда видео жарияланғаннан кейін сынның астында әйелдің өзі қалды. Видео Майлин көшесінде түсірілген.
«Демалып жатыр. Қоқыс жәшіктері тазаланбаған, мүлдем жиналмайды, есесіне біз ұйықтап жатырмыз. Мұның бәрін интернетке саламын, бәрі білсін. Міне, орындықта жатып алған тағы бір әйел», – деді ол.
Әйелдің ескертуінен кейін жұмысшылар орындарынан тұрып, жинала бастаған.
Видео интернетте тарағаннан кейін адамдар жағдайға мүлдем басқаша көзқарас білдірді. Олар коммуналдық қызметкерлердің көшеде ауыр дене еңбегімен айналысатынын және үзіліс кезінде отырып, демалуға құқығы бар екенін еске салды.
«Таңнан ерте тұрып, аз жалақыға ауыр жұмыс істеп, қаламыздың тазалығын қамтамасыз ететін адамдардың еңбегін біз әрдайым байқай бермейміз. Мен өз басым олардың отырып, шай ішіп, демалуға мүмкіндігі бар екенін көргенде қуанамын. Еңбектеріңізге рақмет! Ал мін іздейтіндерге айтарым: қолдарыңды тартыңдар» деп жазды Тимур.
Желі қолданушылары видео авторына осындай жұмысты өзі істеп көруді ұсынды.
Пайдаланушылар әйелдің өзімен бірге серуендеп жүрген итіне де назар аударды. Комментаторлардың бірі жануардың тұмылдырықсыз жүргенін айтып, иттің иесімен профилактикалық әңгіме жүргізуді ұсынды.
Оқи отырыңыз:
Жаңа оқу жылы: Қазақстанда қандай өзгерістер болады?
Әуежайда бет-жүзбен 15 секундта тексеру: Қазақстанда жолаушылар үшін не өзгереді?
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық