Ауладағы автотұрақты «иемденіп» алуға тыйым салынды
Фото: life09.kz
Енді барлық тұрғындарға ортақ үйдің ауласына бағана орнатып, құлып салып, тосқауыл қоятындар 324 мың теңгеге дейін айыппұл төлеуі мүмкін, деп хабарлайды Orda.kz.
2026 жылғы 1 шілдеден бастап Қазақстанда абаттандырудың жаңартылған ережелері күшіне енді. Енді аулаларда автотұрақ орындарын «брондауға» арналған кез келген құрылғыларды — шынжырлар, бағаналар немесе бөгегіштер орнатуға тыйым салынады.
Бұл талапты бұзғандарға айыппұл қарастырылған.
Krisha.kz-ке заңгер Аркадий Рубцовтың айтуынша, аула аумағы ортақ пайдаланылатын жерге жатады. Сондықтан барлық тұрғындардың ол жерде көлік қоюға тең құқығы бар. Тіпті адам жылдар бойы бір орында тұрақтаса да, нақты бір орынды өзіне бекітіп ала алмайды.
«Үй тұрғындары өзара келісіп, орындарды бөлісе алады, бірақ мұндай шешімнің заңды күші болмайды», — дейді заңгер.
Егер көршіңіз өз бетінше орынды қоршап алса, құрылғыны өзіңіз алып тастамай, e-Otinish сервисі арқылы жер ресурстарын басқару департаментіне жүгініп, фото мен мекенжайды тіркеу қажет. Егер мамандар заңбұзушылықты растаған жағдайда, иесіне қоршауды алып тастау міндеттеледі.
Ортақ пайдаланылатын жерді өз бетінше иемденгені үшін қосымша айыппұл да қарастырылған — 75 АЕК, яғни 324,4 мың теңге.
Жеке меншіктегі автотұрақ орындары ғана бұл талаптан тыс. Мысалы, егер тұрақ орны пәтермен бірге тұрғын үй кешенінен сатып алынған болса.
Бұған дейін ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандырудың жаңартылған үлгілік қағидаларына қатысты түсініктеме берген болатын.
Атап айтқанда, онда тұрғын үйлердің жанындағы арнайы жабдықталған тұрақтарда көлік қалдыруға тыйым салатын норма жоқ екені айтылған.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық