Атышулы Хелиф Олимпиададағы даудан кейін кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізеді
Фото: Richard Pelham
Алжирлік Олимпиада чемпионы, боксшы Иман Хелиф гендерлік тестке қатысты даудан кейін кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Orda.kz.
Алжирлік спортшы 23 сәуірде Парижде рингке шығады. Оның қарсыласы — Германияның тәжірибелі боксшысы Юлия Игель болады.
Иман Хелиф үшін бұл кәсіпқой аренадағы екінші жекпе-жек болмақ, алғашқысы Олимпиадаға дейін өтіп, қарсыласын үшінші раундта нокаутпен жеңген еді. Олимпиададағы жеңісінен кейін Хелиф ресми жекпе-жек өткізген жоқ.
Еске салсақ, Иман Хелифке қатысты дау 2024 жылы Парижде өткен Олимпиада ойындары кезінде басталған. Әйелдер боксы бойынша жарыстың 1/8 финалында италиялық Анджела Карини алжирлік боксшымен жекпе-жектен бас тартып, оның «ерекше күшін» себеп ретінде атаған.
Осыдан кейін әлеуметтік желілерде Хелифтің спорттық нәтижесін жақсарту үшін жынысын өзгерткен деген айыптаулар тарады. Көптеген танымал тұлғалар, соның ішінде Дональд Трамп, Джоан Роулинг және Илон Маск боксшыны жарыстардан шеттетуге шақырған болатын.
Олимпиада Хелифтің жеңісімен аяқталғаннан кейін ол өзіне тағылған айыптар бойынша сотқа жүгінетінін мәлімдеді.
Бұл оқиға 2025 жылы жалғасты. World Boxing ұйымы әлем чемпионатына қатысатын барлық спортшылар міндетті түрде генетикалық тест тапсыруы тиіс екенін хабарлады. Алжирлік боксшы бұл тесттен өтуден бас тартқандықтан, жарысқа жіберілмеді.
Кейін Спорттық арбитраждық соттың (CAS) баспасөз қызметі Хелифтің World Boxing шешіміне қарсы апелляция бергенін хабарлады, алайда ол турнирге қатыспады.
Бұған дейін Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) Олимпиада ойындарындағы әйелдер жарыстарына тек генетикалық тест арқылы жынысын растаған спортшылар ғана қатыса алатынын мәлімдеген еді.
Оқи отырыңыз:
- Алжирдің атышулы боксшысы Иман Хелиф Олимпиада чемпионы атанды
- «Кәсіби боксқа ауысады»: Жұрт трансгендер деп шулаған Иман Хелиф мәлімдеме жасады
- Трансгендерлердің Олимпиадаға қатысуына тыйым салынды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық