Атырауда блогерді зиратқа алып барып қорлаған қыздардың соты басталды
Фото: Құралай Болатова ұсынған сурет
Атырауда жергілікті блогер Құралай Болатоваға шабуыл жасады деп айыпталған екі қызға қатысты қылмыстық істі қарау басталды, деп хабарлайды Orda.kz.
Жәбірленушінің айтуынша, оқиға 3 қазан күні кешке болған. Екі танысы — Айдана Ақмұрзиева мен Ақбота Нұғманова оны «сөйлесуге» шақырады. Кейін блогерді көлікке отырғызып, қаладағы зиратқа апарады. Сол жерде 2 қыз Болатованы ұрып-соғып, қорлаған.
«Мені алдап алып кетті және ұрып-соқты. Мен үндемей тұра алмаймын. Неліктен тергеу тек 108-бап бойынша жүргізіледі? Мені қаңырап бос жатқан жерге күшпен апарды. Неге бұл ұрлау болып саналмайды? Заң барлығына бірдей болуы керек», — деді блогер.
Мән-жайларға қарамастан, іс ҚР ҚК 108-бабы «Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру» бойынша ғана қозғалды.
Болатованың нұсқасына сәйкес, жанжал қыздардан алған және әлеуметтік желілерде жарнамалаған туристік турдан туындаған. Блогер жарнамалаған тур болмайды. Болатова турға төлеген 100 мың теңгені қайтаруды талап етеді.
Сот отырысы барысында іс материалдары зерттеледі. Тараптардан жауап алынады және айыпталушылардың іс-әрекеттеріне баға беріледі.
Бұған дейін Атырау қалалық прокуратурасы Болатованың әлеуметтік желілерде «күдіктілердің бірі прокуратура қызметкерінің туысы» деген мәлімдемесін жоққа шығарды.
Айта кетейік, Аида Балаева министрліктің заңгерлері «Орда» редакциясына қатысты істі қарайтынын айтты.
Жаңалықтар
- Алматыдағы Сәтбаев көшесінің бойындағы плиталар не үшін ауысып жатыр?
- Қазақстандағы пайдалы қазбалар қоры сарқылып барады
- Зейнеткерді соққыға жығып, видеоға түсірген жасөспірімдерге сот үкімі шықты
- Президент бақылауында: ІІМ Алматыдағы резонансты жол апаты бойынша тергеуді күшейтті
- Иран соғысы: Таяу Шығыс елдерінің туризм саласындағы шығындары 56 млрд долларға жетті
- Лукашенко: Трамп саясатында демократияның нышаны да жоқ
- Атырауда шенеуніктер футбол командасына 3,75 млрд теңге жұмсамақшы
- АҚШ-тың бас прокуроры Эпштейн ісі бойынша куәлік береді, Қазақстанда да файлдар тексеріледі
- Шымкент тұрғындары жер сілкінісін сезді
- Павлодарда жаңа туған сәбиін 800 мың теңгеге сатпақ болған ана ұсталды
- Әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы әлі табылмады: Жұбайы «Бармысың, бауырымға» жүгінді
- Президент ШҚО әкіміне инвестиция тартып, өңірдегі туризмді дамытуды тапсырды
- Қазақстандықтардың жартысы 340 мың теңгеден аз жалақы алады
- Француздардың контейнер кемесі соғыс басталғалы алғаш рет Ормуз бұғазынан сәтті өтті
- Сақал – сән емес, салмақ: Қазақтағы сақал-мұрт қоюдың мәні мен міндеті
- «Кеген–Нарынқол» трассасында жолды су шайып кетті
- 240 мыңнан астам мұғалім ЖИ қолданып үйренді: Тоқаев Сүлейменоваға міндет жүктеді
- Ақтөбе облысында жұртты қорқытып, бопсалап келген қылмыстық топ ұсталды
- Өскеменнің бұрынғы әкімі Жақсылық Омар 6 жылға сотталды
- Никаб киюге шектеу: Заң қалай жұмыс істеп жатыр?