Аида Балаева министрліктің заңгерлері «Орда» редакциясына қатысты істі қарайтынын айтты
Фото: Orda.kz
Мәдениет және ақпарат министрлігінің заңгерлері істі болған ҚазТАГ пен «Орда» редакцияларына көмектесу үшін істі егжей-тегжейіне дейін қарап жатыр. Ақорда дәлізінде Аида Балаева журналистердің сұрақтарына жауап бергенде осыны айтты, деп хабарлайды Orda.kz.
Orda.kz пен ҚазТАГ-қа қатысты сот ісін қадағалайтынын, заңгерлердің осы іспен айналысатынын айтты. Ол Бажкенованы министрліктен қаражат алмай, өз бетінше жұмыс істесе де, қолдап жүретінін айтты.
«Біріншіден, егер сот процесі болса немесе қылмыстық істер қаралып жатса, біз оған тікелей қатыса алмаймыз. Десе де, біздің заңгерлер осы жағдайды егжей-тегжейіне дейін қарап жатыр. Біз Әсет Матаевпен байланыстамыз. Бажкенованы өздеріңіз білесіздер. Қанша жыл ол біздің министрліктен қаражат алмаса да, мен Гүлнәр Бажкенованы әрдайым қолдап жүретін адаммын. Ол өзі де бірнеше сұхбаттарында «Аида Балаева қолдап жүр» деп айтты. Бұл жерде заң тұрғысынан қарауымыз керек. Біздің заңгерлер олармен жұмыс істейді», – деді Аида Балаева.
Министрдің бұл сөзін журналист Динара Сәтжан жариялады.
Айта кетейік, ҚазТАГ агенттігінің басшыларына қарсы қылмыстық іс қозғалғаны туралы жазған едік. Ал 1 желтоқсан күні «Орда» редакциясының бас редакторы Гүлнәр Бажкенованы үйқамаққа қамап, пәтері мен кеңселеріне тінту жүргізілді. Қарулы күштер кеңсеге баса-көктеп кіріп, ноутбуктарды, журналистердің жеке ұялы телефондарын және кеңседегі ақшаны алып кетті. Редакция қазір жалақысыз жұмысын жалғастырып жатыр.
Қазіргі жүйенің еркін адамдарды қамап, бұғауда ұстауы жалпы қоғамды қалай құлдырататыны жайлы материалымыздан оқыңыз.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық