Атырауда аудан әкімінің орынбасары жол апатында қаза тапты

cover Фото: ЖИ арқылы жасалды

Атырау облысында жол-көлік апаты салдарынан Кызылқоға ауданы әкімінің орынбасары қаза тапты, деп хабарлайды Orda.kz.

Оқиға 26 мамыр күні таңертең болған, 45 жастағы Ерболат Иғали жұмысқа бара жатқан жолда көз жұмды. Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, Миялы – Сағыз тасжолында 27 жастағы Toyota Prado көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, көлік жолдан шығып, аударылып кеткен.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан 45 жастағы жолаушы оқиға орнында қайтыс болды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», — деп хабарлады полиция.

«Ақ Жайық» басылымының мәліметінше, бұл қызметтік көлік болған, онда Ерболат Иғали жүргізушімен бірге жұмысқа бара жатқан. Атырау облысы әкімдігі де мемлекеттік қызметшінің қазасын растады.

«Кызылқоға ауданы әкімінің орынбасары Ерболат Иғалидың кенеттен қайтыс болуына байланысты марқұмның отбасы, туған-туыстары мен әріптестеріне қайғырып көңіл айтамыз», — делінген хабарламада.



Жаңалықтар

барлық жаңалықтар