Путин: Ресей қуатты Қазақстанға құрметпен қарайды
Фото: Ақорда
Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапары қарсаңында жариялаған мақаласында Ресейде Қазақстанға зор құрметпен қарайтынын айтып, екі ел арасындағы серіктестіктің маңызын атап өтті, деп хабарлайды Orda.kz.
Ресей президентінің сөзінше, Қазақстан мен Ресейді ортақ тарих, мәдени байланыс және ұзақ жылдар бойы қалыптасқан достық қарым-қатынас байланыстырады.
«Ресейде қуатты әрі гүлденген Қазақстанға үлкен құрметпен қарайды. Елдегі тиімді саяси жүйе, тұрақты әрі қарқынды дамып келе жатқан экономика халықтың қолдауына ие», — деді Владимир Путин.
Сондай-ақ ол Қазақстанда қабылданған жаңа Конституция мен жүргізіліп жатқан реформаларға тоқталып, азаматтар Қасым-Жомарт Тоқаев жүргізіп отырған мемлекеттік институттарды нығайту мен елді жаңғырту бағытын қолдағанын айтты.
Путин екі елдің экономикалық байланысына да назар аударып, Ресей мен Қазақстанның ірі сауда серіктестері екенін атап өтті. Оның айтуынша, Ресейдің Қазақстан экономикасына салған инвестиция көлемі шамамен 30 миллиард долларға жеткен. Сонымен қатар, қазақстандық мұнай экспортының басым бөлігі Ресей аумағы арқылы әлемдік нарыққа жеткізіледі.
«Болашақта қазақ-ресей қатынастарын жастар айқындайды. Сондықтан жастарды екіжақты байланысқа тарту маңызды. Ресей жоғары оқу орындарында, соның ішінде Қазақстандағы филиалдарда 60 мыңнан астам қазақстандық студент білім алып жатыр» деп жазды Путин мақаласында.
Владимир Путин ортақ тарихтың, әсіресе екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің маңызына тоқталып, екі ел халықтарының ерлігі ұмытылмайтынын айтты. Сондай-ақ ол Ресейдің Қазақстанмен одақтастық және стратегиялық серіктестікті одан әрі дамытуға дайын екенін жеткізіп, қазақстандықтарға амандық пен өсіп-өркендеу тіледі.
Бұған дейін Владимир Путин 27 мамыр күні Қазақстанға мемлекеттік сапармен келетіні хабарланған еді.
Оқи отырыңыз:
Тоқаев: Жапония — Еуропа мен Азияны жалғайтын Орталық Азиядағы басты хаб
Қазақстанда Ресей компаниялары көп пе, әлде Өзбекстан алда ма?
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Полицейге қатысты тергеу аяқталды
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық