55 жастағы мұғалім 13,5 тонналық автобусты жалғыз сүйреп, екінші рет әлемдік рекорд орнатты
Бейнеден скриншот
Астаналық мұғалім Айгүл Ержанова тағы бір ерекше жетістікке қол жеткізіп, 13,5 тонналық автобусты жалғыз өзі сүйреп, әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Orda.kz.
Бұл оқиға елордадағы №1 автобус паркінде өтті. 55 жастағы ұстаз ауыр техниканы 14 метр қашықтыққа сүйреп апарған.
Айгүл Ержанова Астанадағы №50 мектептің бастауыш сынып мұғалімі. Ол бұл әрекетін жай ғана рекорд үшін емес, биыл мектеп бітіріп жатқан түлектерге мотивация беру мақсатында жасағанын айтты. Ұстаздың сөзінше, адам алға мақсат қойып, табандылық танытса, кез келген арманы орындалады.
Рекордты тіркеу рәсіміне Азия және Африка елдері бойынша әлемдік рекордтарды тіркейтін Global Best Of RECORDS ұйымының өкілдері қатысты. Ұйымның бас офицері Қуандық Құдайбергеновтің айтуынша, әлемде ауыр көліктерді сүйреу бойынша рекордтар болғанымен, 50 жастан асқан әйелдер арасында мұндай салмақтағы автобусты тартқан адам бұрын тіркелмеген. Сондықтан бұл нәтиже ресми түрде әлемдік рекорд ретінде енгізілмек.
Айта кетерлігі, бұл Айгүл Ержанованың алғашқы рекорды емес. Өткен жылы ол жалпы салмағы 8 тонна болатын екі пикапты 57 метрге сүйреп, рекордтар кітабына енген еді. Биыл сол жетістігін жаңартып, одан да ауыр көлікті таңдаған.
БАҚ мәліметінше, Айгүл Ержанова спортпен кәсіби түрде кейінгі жылдары ғана айналыса бастаған. Соған қарамастан, қысқа уақыт ішінде ауыр атлетикадан ондаған медаль жеңіп алып, бірнеше рекорд орнатқан. Ол бұған дейін президент қолынан «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» марапатын да алған.
Рекорд орнату кезінде автобус арнайы тексерістен өткізіліп, оның нақты салмағы 13,5 тонна екені расталған. Ұстаз автобусты небәрі бір минут шамасында қажетті қашықтыққа дейін сүйреп апарған. Әлемдік рекорд талаптарына сәйкес экстремалды санаттағы нәтижені тіркеу үшін кемінде 10 метр қашықтық жеткілікті болса, Айгүл Ержанова 14 метрді еңсерген.
Бұл оқиға әлеуметтік желіде де қызу талқыланып жатыр. Көпшілік мұғалімнің ерік-жігері мен қайсарлығына таңғалып, оны жастарға үлгі боларлық тұлға деп бағалауда. Әсіресе, оның жасына қарамастан жаңа биіктерді бағындыруы көптеген адамға шабыт сыйлағаны айтылып жатыр.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық