Ақтөбелік келіншек Луиш Нанидің футболкасын сатылмыға шығарды

cover Фото: ЖИ арқылы жасалды

«Ақтөбе» — «Алтай» матчы кезінде доп соққысы салдарынан зардап шеккен келіншек клуб берген  футболканы сатылымға шығарды, деп хабарлайды Orda.kz.

Бұған дейін матч барысында трибунада отырған әйелге жоғары жылдамдықпен ұшқан доп келіп тиіп, ол жабық бас-ми жарақатымен ауруханаға жеткізгенін жазған едік. Оқиғадан кейін «Ақтөбе» футбол клубы зардап шеккен Аянай Елтоқованы португалиялық футболшы Луиш Нанимен кездестіріп, оған ойыншының қолтаңбасы бар жейде және екі маусымдық абонемент табыстаған.

КТК арнасының мәліметінше, Алайда бірнеше күннен соң бұл сыйлықтар OLX платформасында сатылымға қойылған. Нанидің жейдесі 400 мың теңгеге, ал абонементтер 60 мың теңгеге бағаланған. Жарияланған скриншоттар әлеуметтік желілерде тарап, қызу талқыланды. Ал Аянай Елтоқова бұл шешім алдын ала клубпен келісілгенін айтты.

«Келіссөздер қорытындысы бойынша клуб залалды толық өтей алмайтынын айтып, бар мүмкіндігі ретінде футболка мен абонементті өткізу нұсқасын ұсынды. Бұл — клубтың өзі ұсынған шешім болды», — деді ол.

«Ақтөбе» футбол клубы жағдайға қатысты кең түсініктеме бермей, тек жейденің ойынға арналған түпнұсқа форма емес екенін нақтылады.

Оқи отырыңыз:

«Ақтөбе» ФК матчына барған әйелдің бетіне доп тиіп, миы шайқалды

Бейімбет Майлин ескерткішінің мойнына мініп алған қыз жазаланды

Иранда бұрынғы ММА чемпионы тыңшылық жасады деген айыппен өлім жазасына кесілді

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар