Бейімбет Майлин ескерткішіне мініп алған қыз жазаланды
Фото: Бейнеден кадр
Астанада Бейімбет Майлин ескерткішінің үстіне мініп суретке түскен қыз жауапқа тартылды,деп хабарлайды Orda.kz.
Оқиға елордадағы «Үш арыс» аллеясында болған. Бұл композиция қазақ әдебиетінің көрнекті өкілдері — Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин және Ілияс Жансүгіровтің құрметіне орнатылған.
18 жастағы астаналық қыз мүсіндердің біріне шығып, Бейімбет Майлин ескерткішінің мойнына отырып, аяғын салбыратып фотоға түскен. Оны жанындағы құрбысы суретке түсіріп тұрған.
Бұл жағдайды журналист Дүйсенәлі Әлімақын байқап, видеоға түсіріп, әлеуметтік желіде жариялаған. Осыдан кейін Астана полициясы қыздың жеке басын анықтап, оны Байқоңыр аудандық полиция басқармасына жеткізген.
Полиция мәліметінше, қыз мәдени нысан мен қоғамдық орынға құрметсіздік танытқаны үшін ұсақ бұзақылық бабы бойынша жауапқа тартылған.
«Әлеуметтік желіде қыздың Бейімбет Майлин ескерткішіне шығып, фотоға түсіп жатқан видеосы тарады. Полиция қызметкерлері оның жеке басын анықтады. Ол — 18 жастағы Астана тұрғыны. Қыз Байқоңыр аудандық полиция басқармасына жеткізіліп, мәдени нысан мен қоғамдық орынға құрметсіздік танытқаны үшін ұсақ бұзақылық бабы бойынша жауапқа тартылды. Іс материалдары сотқа жолданды», деп хабарлады Астана полициясы.
Құқық қорғау органдары мәдени және тарихи мұра нысандарына құрметпен қарау қажеттігін еске салды. Қазақстанда ескерткіштерді қасақана бүлдіру вандализм ретінде бағаланып, әкімшілік не қылмыстық жауапкершілікке әкелуі мүмкін.
Айта кетейік, «Үш арыс» композициясы тұғырында QR-код орнатылған. Оны сканерлеу арқылы келушілер Бейімбет Майлин, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат ала алады.
Оқи отырыңыз:
Тоқаев: Жапония — Еуропа мен Азияны жалғайтын Орталық Азиядағы басты хаб
Қазақстанда Ресей компаниялары көп пе, әлде Өзбекстан алда ма?
Әл-Фараби даңғылындағы жол апаты: Полицейге қатысты тергеу аяқталды
Жаңалықтар
- Непал мен Қытай шекарасындағы апат аймағында үш қазақстандық іздестіріліп жатыр
- Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы күрес күні қазақстандықтарға үндеу жасады
- Трамп Венесуэламен «тарихи» мұнай келісімін жариялап, бензин бағасы арзандайтынын айтты
- 1 қыркүйекте мұғалімдерге гүл сыйлауға бола ма? Оқу-ағарту министрлігі жауап берді
- Әділет Жауғашар «Сүй иә» әнінің сөзін өзгертті
- «13 млн теңге несие ал!» Алаяқтардың айтқанын орындап, полицияға да, ұлына да сенбеген
- Байзақ ауданында полиция басшысының экс-орынбасары пара алған
- Құрылтайда сегіз тұрақты комитет құрылып, төрағалары сайланды
- Құрылтай төрағасының орынбасарлары сайланды
- Құрылтай төрағасы болып Айбек Дәдебай сайланды
- Алматыда ұшақ өртенді
- Маңғыстауда жасөспірім қызды бірнеше адам жабылып ұрып-соққан
- «QARMET» АҚ-ға 1,5 млрд теңге залал келтірген ҰҚТ-ның 13 қатысушысы сотталды
- Тоқаев: Қыркүйектің екінші жартысында Халық Кеңесі жасақталады
- Тоқаев Құрылтай спикері қызметіне Айбек Дәдебайды ұсынды
- Тоқаев 16 жасқа толмағандардың әлеуметтік желіге тіркелуіне тыйым салуды қолдады
- Тоқаев Құрылтайдың басты міндеттерін атады
- Әлемде жаңа тәртіп қалыптасып жатыр. Ол кереғар сипатқа ие - Тоқаев
- Президент: Өткен қайғы-қасіретті ұлттық болмысымыздың арқауы етуге болмайды
- Мемлекеттердің, әсіресе ірі елдердің арасындағы сенімге селкеу түсті — Тоқаев