«Атып тастаймыз»: Қаңтардағы азаптаушы полицейлердің сот отырысы басталды
Коллаж Orda.kz
Orda.kz Aлматы облысының Қаскелең қаласында 2022 жылғы Қаңтар оқиғалары кезінде Қошмамбет ауылында болған жаппай азаптауларға қатысты сотқа дейінгі тыңдаулары жайлы репортаж жазған болатын. Процеске 44 зардап шегуші қатысып жатыр. Соның ішінде 23 Өзбекстан азаматы және белгілі қырғыз джаз музыканты Викрам Рузахунов бар. Айыпталушылар қатарында Қарасай ауданы полиция басқармасының бұрынғы бес қызметкері мен Алматы қаласы полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Берік Әбілбеков бар. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары өкілдері саналатын жәбірленушілердің адвокаттары процестің ашық өтуін және істі қосымша тергеуге жіберуді талап етіп жатыр. Бүгін сот жәбірленуші тараптың сөзін тыңдамақ.
Orda.kz тілшісі 3 баласы мен күйеу баласын, ағасын және өзін Қаңтар оқиғасы кезінде әскерилер ұрып-соққан қазақстандық азаматқа хабарласып мән-жайды сұрастырды.
7 қаңтарда не болды?
Қазіргі кезде қаңтардағы азаптауға айыпты деп полицейлер Бауыржан Сопақов, Нұрсұлтан Хамитов, Арман Шойбеков, Берік Әбілбеков, Олжас Айдарханов пен Серік Тұрпанбаев күдікті деп танылып отыр. Оларға «Қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас, азаптаулар» және «Лауазымын асыра пайдалану» баптары бойынша іс қозғалды. Істе үш елден 44 азамат жәбірленуші деп танылған. Алайда кешегі сотта Қошмамбетте 98-99 адамды қамап азаптағаны анықталды. 7 қаңтар ҰҚК қызметкерлері Алматы — Ташкент жолын жауып, 99 азаматты ұстаған. Апарып қамап, құжат толтырмастан, соққыға жыққан. Біз қазақстандық азаматқа хабарласып сұрастырғанда, сол соққыға жылғылғандардың арасында 3 баласы мен күйеу баласы және ағасы, алтауы зардап шеккендерін айтты.
Соттың алғашқы отырысында жәбірленушілердің адвокаттары судьяға сенімсіздік білдіріп, оның істен шеттетілуін талап етті. Адвокаттардың айтуынша, айыпталушылардың бәрі – Қарасай аудандық полициясының қызметкерлері бұған дейін судьямен қызмет бабында жұмыс істеген. «Ым-жымы бір» болуы мүмкін болған соң, қорғаушылар күмәнмен қарап отыр.
Сонымен қатар, адвокаттар сот хатшысын да істен шеттету талабын қойды. Хатшы осы жылы судьяның көмекшісі ретінде қызмет еткен, ал судья қазір айыпталушылардың бірінің қорғаушысы болып отыр. Алайда, іс басқа судьяға берілгенімен, ол бұл талапты қанағаттандырудан бас тартты, жеткілікті негіз жоқтығын алға тартты.
Кешегі сотқа төрт жәбірленуші қатысты. Соның ішінде бізге сұхбат берген азамат та бар.
Orda.kz тілшісіне берген сұхбатында жәбірленуші сол қаңтарда болған оқиға жайлы баяндап берді.
Қошмамбеттегі азап
Жәбірленуші 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде Қошмамбет ауылына аңшылықтан қайтып келе жатқанда әскерилер қалай ұрып-соққанын баяндап берді. Ол өз сөзінде содан бері еш жерге арызданбағанын да айтты. Тергеу ісі басталғанда тергеушілер шақырып алып, сол күні не болғанын сұраған. Бұл азаматтар өздерін ұрып соққанын айтқан соң, «жәбірленуші» ретінде танып, қазіргі таңда куәлік етуді ұсынып отыр.
Жәбірленушінің айтуынша, сол күн оларды ешқандай себепсіз тоқтатып, аяусыз ұрып-соққан.
«Біз үш баламмен, күйеу балам және ағаммен бірге аңшылықтан қайтып келе жатқанымызда әскерилер бізді тоқтатты. Ешбір түсініктеме берместен, бізді Қошмамбетке алып барып, сұрақ қоймастан ұрып-соқты. Бізді дубинкамен, автоматпен ұрды, басымызды жарып, миымызды шайқалтты», — деді жәбірленуші.
Жәбірленуші денсаулықтарының нашарлағанын, бірақ Қаңтар оқиғасы кезіндегі аласапыранда ауруханаға бару мүмкін болмағанын айтты:
«Бізде ауруханаға қаралуға мүмкіндік болмады. Ол кезде ешбір мекеме қабылдамай жатқан кез. Кейін ғана денсаулығымыз нашарлаған соң, тексерістен өттік. Сол соққылардың зардабын әлі көріп келеміз», — деді жәбірленуші қазіргі халі жайлы баяндап.
«Миымыз шайқалды. Басымызды жарып тастады. Бізді кіргізді де, сұрақ та қоймастан ұрып-соқты. Мені ұрып құлатты. Есімді жия алмай жатқанда балаларым мені қорғаймын деп қалқалаған. Олардың да қолы сынды. Миы шайқалды», — деді жәбірленуші.
Олар құдайдан қорықпаса да, мен қорқамын
Сот процесінде жәбірленушілер әскерилердің іс-әрекеттері заңсыз болғанын айтып, кінәлілердің жауапкершілікке тартылуын сұрады. Алайда олар айып тағылған адамдарды айыпты деп танып кесіп айта алматынын баяндады. Себебі бастырмалатып ұрып-соққанда түрін көруге мұрша болмапты.
«Басымызды көтерткен жоқ. Түрлерін көре алмадық. «Басыңды түсір!» деп басты көтертпей ұрды. Тепкіледі де, дубинкамен де, автоматпен де ұрды. Бұл тергеудегі қазіргі айыпты болып отырған адамдарды «айыпты» деп айтудан қорқамын. Көзім жетпеген соң нақты бір адамға айып таға алмаймын. Ол болмай қалса бостан босқа біреудің өміріне қиянат жасаймын ғой. Олар құдайдан қорықпаса да, мен құдайдан қорқамын», — деді жәбірленуші.
Бұл іс бойынша сот процесі жалғасуда. Жәбірленушілер өздері көрген және бастан өткерген оқиғаларды толық баяндап беру үшін бүгін сот алдында жауап беріп жатыр.
«Кез келген уақытта атып тастаймыз»
Жәбірленуші әскерилердің 3 баласы мен жақындарын кез келген уақытта атып тастайтындарын айтып, қоқан-лоққы жасағанын жеткізді. Бұл ауыр мезетте ол өзінің жаны үшін емес, балалары мен жақындары үшін уайымдап кеткенін айтты.
«Біз негізі ауруханаға қаңтардан соң да бармадық. Кейін сол ұрып-соғудан зардап шегіп, біраз уақыттан соң ауыра бастағанда тексерілдік. Ашуланшақ болып, сіркеміз су көтермейтін бола бастады. Оңай ма? Автомат арқалап: «Бәрі біздің жағымызда. Кез-келген уақытта атып тастаймыз» деді. Мен өз өмірім үшін емес, балам мен жақындарым үшін қорықтым. 3 баламмен бірдей соққының астына алып жатыр... Әсері ауыр болды», — деді жәбірленуші.
Қаңтар оқиғасы кезінде болған құқық бұзушылықтар мен зорлық-зомбылық әрекеттері жайлы тергеулер мен сот процестері талай-талай тағдырларға қатысты болып отыр. Жәбірленушілер өз құқығын қорғау үшін күресіп жатыр.
Еске сала кетсек, 2022 жылдың 9 қаңтарында ер адамның 2 қаңтарда Алматыға билет сатып алып, митингіге қатысу үшін ақша төлегенін растаған кадрлар пайда болды. Алайда бұл адамның қырғыз елінің атақты музыканты Викрам Рузахунов екені және оны күшпен мойындатқаны анықталып іс халықаралық дауға ұласты. Ол босаған соң, өзін Қазақстанның полиция қызметкерлері азаптағанын баяндап берді.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық