«Қаңтардағы азаптаушы полицейлер»: 43 жәбірленушінің соты басталды
Фото: Orda.kz
Алматы облысының Қаскелең қаласында Қаңтар оқиғасы кезінде Қошмамбет ауылындағы жаппай азаптауларға қатысты іс бойынша алдын ала сот тыңдауы басталды. Істе 44 жәбірленуші, соның ішінде 23 Өзбекстан азаматы және белгілі қырғыз музыканты Викрам Рузахунов бар. Айыпталушылар - Қарасай аудандық полиция басқармасының бұрынғы бес қызметкері және Алматы қаласы Полиция департаменті басшысының бұрынғы орынбасары Берік Әділбеков. Жәбірленушілердің мүддесін қорғаған адвокаттар мен айыпталушылардың қорғаушылары қандай өтініш білдіргенін Orda.kz тілшісі баяндайды.
2022 жылдың 9 қаңтарында еліміздің телеарналарында әлдебір ер адамның Қырғызстаннан митингке қатысу үшін арнайы келгені айтылған хабар тарады.
Оның және басқа отандастарының Алматыдағы тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру үшін ақы алғаны да айтылды. Бейнежазбадағы ер адамды Бішкек қаласынан келген джаз музыканты Викрам Рузахунов екенін ел танып қойды. Кейін ол азаптау құрбаны болған соң және өміріне қауіп төнгендіктен осылай айтуға мәжбүр болдым деп мәлімдеді. Кейіннен құқық қорғау органы қызметкерлері Қошмамбет ауылындағы әкімшілік құқық бұзушыларға арналған қабылдау орнына 100-ге жуық ұсталғандарды алып келіп, күштеп мойындату үшін азаптағаны белгілі болды.
Халықаралық дау-дамайдан кейін қазақстандық құқық қорғау органдары Викрам Рузахуновты босатты. Оның арызы бойынша 2022 жылдың қаңтарында қылмыстық іс қозғалды. Алайда, жаппай жария болғанына қарамастан, тергеу баяу жүрді және тіпті, тоқтап қалды. Бас прокуратура тергеуді қолға алғаннан кейін ғана істі қайта басталды. Биылғы көктемде Қарасай ауданының полиция қызметкерлерінің ұсталғаны туралы хабарланды. Мамыр айында Берік Әділбековтың қамауға алынғаны туралы жаңалық тарады. Бірақ кейін оның кепілдікпен босатылғаны белгілі болды.
Алдын ала тыңдауда төрағалық еткен судья Дінмұхамед Адайбаев процеске қатысқандардың келіп, келмегінін бір тексеріп алды. Барлық айыпталушылар (Серік Тұрпанбаев, Нұрсұлтан Хамитов, Байыржан Сопақов, Арлан Шойбеков, Олжас Айдарханов, Берік Әділбеков) қашып кетпеймін деген қолхатпен босатылған. 2024 жылдың шілдесінде Алматы облысының прокуратурасы қамаудағы төрт айыпталушыны босатты.
Сотта жәбірленушілердің мүддесін қырғыз джазмені Викрам Рузахуновтың адвокаттары Елена Жигалёнок пен Әлия Жанұзақова және 23 Өзбекстан азаматының мүддесін «Халықаралық құқықтық бастама» қорының директоры Айна Шорманбаева қорғады. Жәбірленушілердің өкілдері сот процесінің ашық болуын және журналистердің қатысуын, ал айыпталушылар мен олардың қорғаушылары соттан олардың суретке немесе бейнежазбаға түсірмеуін талап етті.
Алматының жоғары лауазымды полиция қызметкері Берік Әділбековтің адвокаты Фарида Ильясова сотта журналистер процеске кедергі келтіретінін мәлімдеді.
Судья барлық қатысушыларға өтініш білдіруге мүмкіндік берді. Бірінші болып адвокат Елена Жигалёнок сөз сөйледі. Жәбірленушінің атынан ол істі прокурорға тергеуді жалғастыру үшін қайтаруды талап етті. Алдын ала тергеу 2024 жылдың 28 маусымында аяқталды. Адвокаттың айтуынша, 27 маусымда тергеуші күдіктілердің қылмыстық квалификациясын өзгерткен. Нәтижесінде айыпталушылар кінәлі деп танылса да, сот оларға ең ауыр жаза ретінде айыппұл немесе бірнеше жыл шартты түрде бостандықты шектеу жазасын бере алады.
«Барлық алдын ала тергеу 146-баптың 2-бөлігі және 362-баптың 4-бөлігі бойынша тіркелді және жүргізілді. 28 маусымда бізге алдын ала тергеудің аяқталғаны туралы хабарланды және материалдармен танысуға мүмкіндік берілді. Біз 27 маусымда барлық күдіктілерге жаңа квалификация белгіленгенін, ешбір негізсіз екі бапта да 1-бөлімге ауыстырылғанын білдік. 146-баптың 1-бөлігі қылмысты жеңіл деп, ал 362-баптың 1-бөлігі орташа ауыр деп квалификациялайды. Алайда, іс материалдарына сәйкес, қылмыс квалификациясы бұрынғыдай қалды. Айыптау актісі айтарлықтай өзгермеген. Айыптау актісіндегі барлық құқық бұзушылықтар егжей-тегжейлі жазылған, олар Рузахуновтың денсаулығына ауыр зиян келтірді. Қылмыстық-процессуалдық кодекске сәйкес, денсаулыққа ауыр зиян келтіру ауыр қылмыстардың салдары саналады. Біз барлық күдіктілерге тағылған айыптар заңсыз және оларды жасаған құқық бұзушылықтары үшін жазадан құтылып кетеді деп ойлаймыз. Жәбірленушілердің бұзылған құқықтары қалпына келтірілмейді. Бұл — қылмыстық заңнаманың және жәбірленуші Рузахуновтың құқықтарының өрескел бұзылуы», — деп мәлімдеді адвокат Жигалёнок.
Оны әріптесі Әлия Жанұзақова да қолдады. Ол азаптау құрбандарының арасында кәмелетке толмаған адамның да бар екенін және оны алты күн бойы қамауда ұстағанын айтты.
«Жәбірленушілер арасында кәмелетке толмаған бала бар. Ол алты күн бойы қамауда болған. Бұл — конституциялық және халықаралық нормалардың бұзылуы. Бұған қатаң жауапкершілік қарастырылған», — деді ол.
23 Өзбекстан азаматының мүддесін қорғап отырған Айна Шорaманбаева да істі сол себептермен прокурорға беруді сұрады:
«Бұл — қоғамдық айыптау ісі, қоғамға қарсы қылмыс. Бір жерде 98 адам азапталды. Тергеудің соңғы күні айыптау квалификациясы өзгертілген. Бізге ол туралы хабарланбады. Біз жаппай азаптауларға қатысты жауапкершілікті төмендететін бұл квалификацияға үзілді-кесілді қарсымыз. Айта кетейік, олардың барлығы жәбірленуші деп танылмады. 44 адам аз емес, бірақ қылмыстық іс материалдарына сәйкес олардың саны 98 болған. Сондықтан біз де бұл өтінішке қосыламыз», — деді Шорманбаева.

Сот шешімін күтпестен Елена Жигалёнок тағы бір өтініш жасады. Ол істі объективті тергеу және шешім қабылдау үшін Алматы облысының басқа ауданының сотына беруді сұрады:
«Айыпталушылар – Қарасай аудандық полиция басқармасының бұрынғы қызметкерлері. Істі Қарасай аудандық сотына сол ауданның тергеушілері мен анықтаушылары жіберген. Істі объективті қарауды қамтамасыз ету үшін оны Алматы облысының кез келген басқа ауданының сотына беруін сұраймыз», — деді ол.
Берік Әділбековтың адвокаты Фарида Ильясова ұзақ сөйледі. Ол да істі прокурорға қайтаруды сұрады. Бірақ ол басқа себептердің басын шалды. Адвокат істе қазақ және өзбек тілдерінде көптеген құжаттар бар екенін және олардың орыс тіліне аударылмағанын айтады, ал тергеуші қылмыстық істі жүргізу тілі ретінде орыс тілін таңдаған.
«Тергеуші іс жүргізу тілі ретінде орыс тілін таңдаған. Демек барлық құжаттар орыс тілінде болуы немесе сол тілге аударылуы керек. Істе аудармасы жоқ қазақ және өзбек тілдеріндегі көптеген құжаттар, оның ішінде ілеспе хаттар бар. Бұл айыпталушылардың құқықтарын бұзады деп санаймын», — деді ол.
Сондай-ақ Ильясова қорғауындағы адамға қатысты қылмыстық істі тоқтату туралы өтініш білдірді. Оның айтуынша, Әділбековты істің материалдарымен толық таныстырмаған. Қалған айыпталушылардың адвокаттары тергеу жүргізуді қайта бастауға қарсы шықты. Ал Ильясова ханымның дәлелдеріне қатысты олар барлық өзбек тілінен аударылмаған құжаттар мен дәлелдерді қабылдамауды сұрады.
Судья Адайбаев барлық тараптарды мұқият тыңдап, Қылмыстық-процестік заңнамаға сәйкес, азаптау істерін арнайы ауданаралық қылмыстық істер бойынша сот та қарай алатынын хабарлады. Судья барлық өтініштер бойынша шешімді келесі алдын ала тыңдауда қабылдайды. Сот отырысынан кейін құқық қорғаушы Шорманбаева Orda.kz журналистіне бұл істің неге ауыр баппен қаралуы керек екенін айтып берді.
«2022 жылдың қаңтарында Қошмамбет ауылындағы ресми түрде әлі жұмыс істемеген әкімшілік қамау орнына қылмыстық іс материалдары бойынша 98 адам қамалған. Бұл тізімді сол мекеменің қызметкерлері жасаған. Тергеу органдарына бұл тізімді біледі. Сондықтан зардап шеккендер саны 44 адамнан да көп деп ойлаймын. Бұл — жаппай азаптау ісі. Жаппай азаптау көп адамдардың қатысуын білдіреді: азаптау мен соққыға жығу әрекеттеріне қатысушылар және азапталғандар. Меніңше, іс толық тергелмеген және объективті әрі жан-жақты тергеуді талап етеді. Сондықтан біз істі прокурорға қайтаруды сұрадық».

Ол сондай-ақ зардап шеккендердің жартысынан көбісі Қазақстан азаматтары екенін айтты. Бірақ олардың мүдделерін ешкім қорғамаған. Өздері де сотта жоқ: кейбіреуі қысымнан қорқады, ал кейбіреуі қаңтар айындағы қорқынышты оқиғаларды ұмытқысы келеді.
«Зардап шеккендерді қорғауда үлкен оқылық бар. Біздің отандастарымызды кім қорғап отырғаны бізге белгісіз. Мысалы, Тәжікстан азаматтарының бәрі дерлік қорқып, өз талаптарынан бас тартты. Кейбір Қырғызстан азаматтары да азапталғанын растағанымен, айыптаудан бас тартты. Мен мұндай қатал азаптаудан кейін психологиялық салдардың ауыр болатынын түсінемін. Адам бәрін ұмытқысы келеді. Бәлкім олар мұның бәрін қорқынышты түстей ұмытуға тырысады».
Жаңалықтар
- Иранның жоғары шенді әскери басшысы туралы резонанс ақпарат тарады
- Тоқаев Иранның дроны Әзербайжан әуежайын атқылауына байланысты ұстанымын мәлімдеді
- Абай облысында әскери қызметкер қаза тапты
- Талғарда тағы бір қанды оқиға: Әйел анасымен бірге бұрынғы күйеуін 30 жерден пышақтады деген күдікке ілікті
- Тоқаевтың тапсырмасымен Мәулен Әшімбаев Иран елшілігіне барып, көңіл айтты
- Әлиев Нахчыван әуежайына жасалған шабуыл туралы мәлімдеме жасады
- Қазақстанда доллардың құны бірден төмендеді
- Иран Нахчыванға дрон ұшырды деген айыптауды жоққа шығарды
- Астана мен Алматы Халықаралық әйелдер күнін қалай қарсы алады
- Әзербайжан Ираннан Нахчыванға дрон шабуылына қатысты шұғыл түсініктеме талап етті
- Ирандық дрондар Әзербайжанның Нахчыван әуежайына шабуыл жасады
- Атырау облысындағы қанды қылмыс: Күдіктілер Индонезиядан қашан экстрадицияланады
- Тоқаев Сауд Арабиясының тақ Мұрагеріне алғыс айтты
- Иран билігі Түркияға соққы жасады деген ақпаратты жоққа шығарды
- Жібек жолы ауылында өз отбасын қырып тастаған күдікті бұрын сотталған
- Терезеден сығалаған: Атырау облысында сталкинг дерегі бойынша алғашқы үкім шықты
- Кәмелетке толмаған жасөспірім ұлтаралық араздық қоздырғаны үшін сотталды
- Бүгінгі Таяу Шығыс: Тегеранға соққылар жасалып жатыр, Иран жауап ретінде зымыран ұшырды
- МӘМС арқылы миллиондаған теңге залал: Алматыда жеке стоматологиялық клиникалардың директоры үйқамаққа алынды
- Украинадан оралған Лұқпан Ахмедияров пен Рауль Упоров Астана әуежайында ұсталып, тексерістен кейін босатылды