Еліміздің тергеушілері қылмысты жасанды интеллект көмегімен ашады
Фото: DALL-E
Жасанды интеллект куәгерлердің жауаптарындағы қайшылықтарды анықтауға, құжаттар әзірлеуге және қылмыстық істерді тергеу процесін жеделдетуге көмектеседі, деп хабарлайды Orda.kz.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі тергеушіге арналған интерактивті көмекшінің пилоттық жобасын іске қосты. Бұл жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін жүйе, ол қазірдің өзінде Астана қаласының Есіл аудандық полициясында қолданыла бастады.
Жобаның мақсаты — тергеу іс-шараларын жеделдету және сотқа дейінгі өндіріс бойынша жұмыс істейтін қызметкерлердің жүктемесін азайту.
«Жаңа жүйе «Сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне» (СТБТ) енгізілген және күнделікті жұмыстарды автоматтандыруға көмектеседі: сөйленген сөзді мәтінге аударады, іс фигуранттарының жауаптарын салыстырады және ондағы қайшылықтарды табады, жауап алу үшін нақтылаушы сұрақтар ұсынады әрі процессуалдық құжаттарды автоматты түрде әзірлейді», деп хабарлады ҚР ІІМ.
Жасанды интеллект төрт модульден тұрады: тергеуді жоспарлау, жауаптарды өңдеу, құжаттарды дайындау және аналитика. Іс тіркелген сәттен бастап жүйе әрекет жоспарын ұсынады — кімді сұраққа алу керек, қандай сараптамалар жүргізу қажет және жаңа деректер түскен сайын оны түзетіп отырады. Құжаттарды әзірлеу кезінде тек нақты материалдарға ғана емес, сондай-ақ осындай істер бойынша сот практикасына да сүйенеді.
Жасанды интеллект қылмыстарды ашу процесін жеделдетуге, тергеушілер әрекеттерінің дәлдігін арттыруға және техникалық қателер үлесін азайтуға тиіс. Сонымен қатар қылмыстық істерді қарау уақытын қысқартуға және істер арасындағы байланыстар мен болжамды алгоритмдерді талдау арқылы алдын алу шараларын күшейтуге мүмкіндік береді.
Бұған дейін ІІМ патрульдік полиция қызметкерлерін қолмен ажырату мүмкін емес «смартжетондармен» жабдықтағаны хабарланған болатын. Бұл құрылғылар қызметкерлердің барлық әрекеттерін тіркейді, ал жасанды интеллекті бар бейнебақылау жүйесі ережебұзушылықтарды жедел анықтауға көмектеседі.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық