«Астанада кран құлап, жұмысшы қаза тапты»: министрлік түсініктеме берді
Фото: Бейнеден кадр
Астанада 18 шілде күні қатты жел салдарынан құрылыс алаңындағы мұнара краны құлады. Кран кабинасында болған жұмысшы оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлайды Orda.kz.
Апат BI Group компаниясы салып жатқан ABYROI тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында болған. Астана қалалық полиция департаменті тергеу жұмыстарын бастады. Құрылыс кезінде еңбек қауіпсіздігі талаптарының бұзылуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.
BI Group өкілдерінің мәлімдеуінше, апат болған күні кран жарамды күйде болған және таңертең қажетті техникалық тексеруден өткен.
Индустрия және құрылыс министрлігіне қарасты Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитетінің төрағасы Бақытжан Жүнісбеков оқиғаға байланысты пікір білдірді.
«Бұл жағдайда мердігер ұйымнан немесе нақты осы көтергіш техниканы пайдаланған тараптан заңбұзушылықтар анық байқалады. Қай тарап жауапты екені тергеу барысында нақтыланады. Ал біздің комитет тарапынан қандай да бір қосымша бақылау шараларын күшейту әзірге жоспарланбады», – деді Бақытжан Жүнісбеков.
Айта кетейік, дәл осы күні, 22 шілдеде Астанада автобус апатынан соң аяғынан айырылған қыз үйіне шығарылды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық