Астанада автосалон жұмысшысы клиенттердің көлігін сатып жіберген
Фото: freepik.com
Елордада автосалондардың бірінде сату менеджері болып қызмет атқарған ер адам жеке пайдасын көздеп, алдау және сенімге қиянат жасау арқылы қала тұрғындарына тиесілі екі автокөлікті заңсыз қолды еткен, деп хабарлайды Orda.kz.
Жәбірленушілер өздеріне тиесілі «Changan CS55 Plus» және «Toyota Camry» маркалы көліктерін сату мақсатында аталған автосалонға тапсырған. Біраз уақыт өткен соң, менеджер оларға көліктерге сатып алатын адам табылғанын айтып, қаражат бірнеше күн ішінде аударылатынына сендірген. Сөйтіп ол көлік иелерін автокөліктерді үшінші тұлғаның атына қайта рәсімдеуге көндірген.
Алайда көліктер қайта тіркелгеннен кейін, менеджер сатудан түскен ақшаны өз қажетіне жұмсап жіберген.
Осы заңсыз әрекет салдарынан жәбірленушілерге жалпы көлемі 23 млн теңге болатын материалдық шығын келген.
Сот барысында мемлекеттік айыптаушы айыпталушының кінәсін толық дәлелдейтін жеткілікті дәлел ұсынды. Сот отырысында ер адам өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді.
Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, 3 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.
Сонымен қатар, жәбірленушілердің келтірілген шығынды өндіру туралы азаматтық талап-арыздары толық қанағаттандырылды. Қазіргі таңда сот үкімі заңды күшіне енді.
Қала прокуратурасы азаматтарға ескерту жасап, меншікке қарсы қылмыстар үшін мүлікті тәркілеумен қатар 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылатынын атап өтіп, заң талаптарын қатаң сақтауға шақырды.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық