Астанада 20 жыл бұрын жасалған кісі өлімі әшкереленді
Фото: gov.kz
Елордада 21 жыл бұрын жасалған кісі өлімі ашылды. Мұрағаттағы қылмыстық істі қайта зерделеу нәтижесінде екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды Orda.kz.
2005 жылдың маусымында Астананың шеткі аумағынан зорлық-зомбылық белгілері бар ер адамның денесі табылған. Ол кезде тікелей айғақтардың болмауына байланысты қылмысқа қатысы бар күдіктілерді анықтау мүмкін болмаған.
Биыл криминалдық полиция қызметкерлері осы істі қайта қолға алып, оқиғаның мән-жайын егжей-тегжейлі қалпына келтірді. Сонымен қатар кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізілді.
Нәтижесінде полицейлер қылмысқа Павлодар облысының екі тұрғынының қатысы бар екенін анықтады. Күдіктілер тамыз айында ұсталды.
Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, екі күдікті де қылмыс жасағанын мойындаған. Тергеу барысында кісі өлімі жанжал кезінде болғаны анықталды. Сол уақытта күдіктілердің мас болғаны белгілі болды.
Қазір екі ер адам да қамауға алынды.
Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр. Полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтауда.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық