«Астана» баскетбол клубы қаржыландырылмай, ойыншылар Тоқаевқа үндеу жасады
Фото: astanabasket.kz
Спорт министрлігінің негізгі команданы қаржыландыруды тоқтату туралы шешімінен кейін «Астана» баскетбол клубының және Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншылары президент пен туризм және спорт министріне бейнеүндеу жолдады, деп хабарлайды Orda.kz.
Спортшылар клубты сақтап қалуды сұрайды. Олардың айтуынша, егер клуб жабылса, 12 кәсіби баскетболшы мансабын аяқтауға мәжбүр болады. Себебі Қазақстанда олардың өнерін жалғастыра алатын басқа команда жоқ.
«Егер «Астана» кәсіби баскетбол клубы Қазақстан чемпионатына қатысуын сақтап қалса, бізде елімізде баскетболды әрі қарай дамытуға, клубтарымыз бен ұлттық құраманың намысын қорғауға мүмкіндік болады» деп жзылған «Астана» ойыншысы Рустам Мұрзағалиевтің Instagram парақшасында жарияланған үндеуде.
Ойыншылардың пікірінше, негізгі команданың жоғалуы елдегі баскетболға үлкен соққы болып, оның әрі қарай дамуына қауіп төндіреді.
Ал Спорт және дене шынықтыру істері комитеті «Астана» клубының соңғы жылдардағы нәтижелері күткен деңгейге сай болмағанын мәлімдеді.
«Өткен маусым қорытындысы бойынша ВТБ Біріккен лигасында «Астана» соңғы, 12-орында қалып, 44 матчтың тек екеуінде ғана жеңіске жетті. Жеңіліс пайызы 95%-дан асты, бұл клуб тарихындағы ең төмен нәтиже. Сонымен қатар команда сегіз жыл бойы плей-офф кезеңіне шыға алмады» деп жазды комитет.
Ішкі жарыстарда да клуб айтарлықтай жетістікке жете алмады — Қазақстан кубогы үшін таласта жеңіліп, Ұлттық лигада чемпион атана алмады.
Ведомство өкілдері жаңа заң қабылданғаннан кейін спортты қаржыландыру тәсілдері өзгергенін атап өтті. Енді басымдық ұлттық құрамаларға, спорттық резерв дайындауға және балалар мен жасөспірімдер спортын дамытуға беріледі.
Алдағы уақытта негізгі назар жастар командасына аударылады. Туризм және спорт индустриясын қолдау қоры соңғы бес жылда клубты қаржыландыру көлемі 8 миллиард теңгеден асқанын нақтылады. Ұйым өкілдері диалогқа дайын екенін айтты.
Оқи отырыңыз:
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық