Аштық жариялап, өзін жаралаған Думан Мұхаммедкәрімді Қызылордаға әкетті
Коллаж: Orda.kz
Думан Мұхаммедкәрімге Қонаев қалалық соты 7 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарған болатын. Талдықорған түрмесінде отырған Думан денесін жарақаттап, аштық жариялап, өзін Заречный түрмесіне ауыстыруды сұраған. Алайда адвокаты оны Қызылордаға әкеткендерін мәлімдеді, деп хабарлайды Orda.kz.
«Думанды Қызылордаға этаппен жібергендерін кеше маған қоңырау шалып айтты. Денсаулығы нашар. Қай мекемеге жібергендерін білмеймін. Жеткенде белгілі болады ғой. Қолын жарақаттағанда медициналық көмек көрсеткен. Заречныйға ауыстыру туралы арыз жіберген болатынбыз. Енді қаңтар айында Қызылордаға өзім барып қайтамын», — деді Ғалым Нұрпейісов Orda.kz тілшісіне.
Бұған дейін Думан Мұхаммедкәрім өзін Алматы облысындағы түрмеге ауыстыруды талап етіп, аштық жариялаған болатын. Ғалым Нұрпейісов оның 7 желтоқсанда аштықты тоқтатқанын айтты.
Думан Мұхаммедкәрім «тыйым салынған ұйымның ісіне араласу» және «экстремизмді қаржыландыру» деген айыптармен ұсталған болатын. 20 рет сот отырысы өтіп, 2 тамыз күні үкім шықты.
Бүгін ол 405-баптың 2-бөлігі және 258-баптың 1-бөлігі бойынша айыпты деп танылып, 7 жыл бас бостандығынан айырылды.
Еске сала кетейік, сотқа дейін Думанның ісіне қатысты өткен баспасөз мәслихаты жайлы жазған болатынбыз. Онда Думан Мұхаммедкәрімнің қазіргі уақытта денсаулығы нашарлап, ауруханада жатқаны жайлы айтылған.
Бұған дейін Orda.kz оның соты жайлы жазды. Онда Думан Мұхаммедкәрім «сотқа сенім білдіресіз бе?» деген сұраққа: «Менде таңдау жоқ, сенсем де, сенбесем де сол! Менің үкімім баяғыда шығып қойған!» деп жауап берген болатын.
Еске сала кетейік, жиырмасыншы сотына Orda.kz тілшісі қатысып, соңғы сөзі жайлы біліп қайтты. Ол соңғы сөзінде тағылған айыптарды мойындамайтынын айтты.
Жаңалықтар
- Роналду «Әл-Наср» сапында жеңіс голын соғып, 1000 голдық тарихи межеге жақындай түсті
- Якутияда қарттарды бопсалап ақша алып жүрген Қазақстан азаматы ұсталды
- Семей полигонының жабылғанына 35 жыл: Қасіреттен қарусыздануға дейін
- Талғарда ер адам жеті жасар қызды бұтаның арасына қарай сүйреді деген күдікке ілінді
- Өмір бойына бас бостандығынан айырылған Аймахан Шерханның адвокаттары апелляциялық шағым түсірді
- БАӘ-де қаза болған екі қыздың денесі Дубайдан елге жөнелтілді
- Бақытжан Базарбек өзі қағып кеткен адамға қатысты жаңа мәлімет берді
- «Бұндайларға рақым жоқ»: Садыр Жапаров «халық жауларын» жазалауға шақырды
- Түркістанның 100 тонна еті Алматыда 20 пайыз жеңілдікпен сатылады
- Непал мен Қытай шекарасындағы апат аймағында үш қазақстандық іздестіріліп жатыр
- Тоқаев Ядролық сынақтарға қарсы күрес күні қазақстандықтарға үндеу жасады
- Трамп Венесуэламен «тарихи» мұнай келісімін жариялап, бензин бағасы түсетінін айтты
- 1 қыркүйекте мұғалімдерге гүл сыйлауға бола ма? Оқу-ағарту министрлігі жауап берді
- Әділет Жауғашар «Сүй иә» әнінің сөзін өзгертті
- «13 млн теңге несие ал!» Алаяқтардың айтқанын орындап, полицияға да, ұлына да сенбеген
- Байзақ ауданында полиция басшысының экс-орынбасары пара алған
- Құрылтайда сегіз тұрақты комитет құрылып, төрағалары сайланды
- Құрылтай төрағасының орынбасарлары сайланды
- Құрылтай төрағасы болып Айбек Дәдебай сайланды
- Алматыда ұшақ өртенді