Үндістан Ресей мұнайын сатып алмауға уәде берді, Трамп оларға баж салығын төмендетті
Үндістанның Ресей мұнайын сатып алмауға берген уәдесіне орай Трамп оларға баж салығын төмендетті, деп хабарлайды Orda.kz.
Үндістаннан импортталатын тауарларға қатысты жаңартылған тарифтер бүгін, 7 ақпанда күшіне енеді. АҚШ президенті Дональд Трамп Үндістан Ресей мұнайын сатып алудан бас тартуға міндеттеме алғаннан кейін бұл елден келетін тауарларға салынған қосымша 25 пайыздық баж салығын алып тастады.
«Үндістан Ресей мұнайын тікелей немесе жанама түрде импорттауды тоқтатуға міндеттеніп, оның орнына америкалық энергетикалық өнімдерді сатып алатынын мәлімдеді. Сондай-ақ АҚШ-пен қорғаныс саласындағы ынтымақтастықты 10 жылға кеңейту жөнінде негіздемелік келісім жасасты» деп жазады Bloomberg құжатқа сілтеме жасап.
АҚШ пен Үндістан өзара тиімді сауда туралы негіздемелік келісімге қол қойғаны белгілі болды. Келісімге сәйкес, Нью-Дели америкалық барлық өнеркәсіптік тауарларға қатысты баж салығын жояды немесе төмендетеді, ал Вашингтон үндістандық кейбір ұшақтар мен авиациялық бөлшектерге салынған баж салығын алып тастайды.
Сонымен қатар Үндістан алдағы бес жыл ішінде АҚШ-тан жалпы құны 500 млрд доллар болатын энергетикалық тауарларды, ұшақтар мен авиациялық бөлшектерді, асыл металдарды, технологиялық өнімдерді және кокс көмірін сатып алуға міндеттеме алды.
Үндістан импортына қатысты жаңартылған тарифтер Вашингтон уақытымен 7 ақпан күні сағат 00:01-ден бастап (Астана уақытымен 10:01-де) қолданысқа енгізіледі. Қосымша баж салығы алынғаннан кейін Үндістан тауарларына қатысты тариф мөлшері 18 пайыз болады.
Айта кетейік, АҚШ 2025 жылдың тамыз айында Үндістанның Ресей мұнайын сатып алуына байланысты бұл елден келетін тауарларға қосымша 25 пайыздық баж салығын енгізген болатын.
Оқи отырыңыз:
- Үндістандық әуекомпания Алматыға ұшатын рейстерін тоқтатты
- Үндістан қазақстандықтарға 30 күндік визасыз режим енгізді
- Қазақстандық дәрігерлер «Нипах» ауруының алдын алу бойынша үндеу жасады
- Үндістан мен Пәкістан қақтығысы шиеленісе түсті
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық