«Апорттың» қайта жандануына мемлекет қанша қаржы құяды
Иллюстрация DALL-E ИИ көмегімен жасалған
Билік «апорт алмасының» бұрынғы даңқын қайта көтермекші. Осы тұста Orda.kz бұл істің мемлекетке қаншаға түсетінін нақтылады.
Алманың танымал сортын қалпына келтіру бойынша Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығының мамандары жұмыс істейтін болды. Биыл алғашқы ағаштарды отырғызу жоспарланған, ал жобаны іске асыру 2025-2028 жылдарға есептелген.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, 25 мың көшет отырғызылатын бақ 110 гектар болады. Қаржыландыру бекітіліп, осы мақсатқа «Астана-20» мемлекеттік қоры 162,8 млн теңге бөлді.
«Қаражат жұмысшылардың еңбегіне, техникаға және қажетті материалдарды сатып алуға жұмсалады. Жұмыстармен Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ еншілес ұйымы - Жеміс-көкөніс шаруашылығы ҚазҒЗИ (ҚазҒЗИ) айналысады», деп хабарлады Orda.kz редакциясының сұрауына жауап ретінде АШМ.
Егер бәрі жоспар бойынша жүрсе, сегіз жылдан кейін Алматы тұрғындары мен қонақтары алғашқы жемістің дәмін татып көре алады. Жас ағаштар 58 келіге жуық алма, ал ересек жеміс ағаштары 100 келіге дейін хош иісті жеміс беретін болады.
АШМ атап өткендей, апорт тасымалдау кезінде қалпын бұзбайтындығымен, ұзақ сақтау мерзімімен ерекшеленеді, бұл инвесторлар үшін тартымды жағдай.
Алма бақтары қалай жоғалды?
Апорт бақтарының көлемі 20 есеге қысқарды - 1970-жылдары олар Қазақстанда 100 мың гектардан астам болса, қазір - 2458 гектар ғана қалды. Оның бірнеше себебі бар: бағбандар коммерциялық тұрғыдан алғанда неғұрлым тиімді сорттарды өсіре бастады. Бірақ басты себеп – кесіп тастап орнына құрылыс салу.
Алматының бұрынғы тұрғындары әл-Фараби даңғылынан биік жатқан, қазір тұрғын шағын аудандар орналасқан аумақта бір кездері алма бақтары жайқалып тұрғанын өкінішпен еске алады. Оның үстіне, алманың осы түрі жойылып бара жатыр деген алаңдаушылық өршігеннің өзінде жалғасып жатыр. Бау-бақшаларды құрылысшылар мен шенеуніктерден сақтап қалуға тырысып жүрген экобелсенділер дабыл қағып жатыр.
Айтпақшы, өткен жылы алматылық апорт қазақстандық бренд ретінде тіркеліп, оған географиялық көрсеткіш беріліп, Orda.kz бұл мәселені егжей-тегжейлі зерттеп, оңтүстік астананың символы тұралы жазды.
2024 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев FАО бас директоры Цю Дунъюмен кездесу барысында Алматы апортының жемісін көрсетті.
Былтыр ғана Тоқаев Сербия Президентіне әлемге Алматының символы ретінде танылған апорт алмасы толы сандықты мақтанышпен сыйға тартты.
Жаңалықтар
- Алматының әл-Фараби даңғылында көлік жарысы тоқтар емес
- Украина Ресейдің мұнай инфрақұрылымына ауқымды соққы жасады
- Сот Қашаған операторларының ірі көлемдегі айыппұлға қатысты апелляциясын қанағаттандырмады
- Иран Ормуз бұғазының қайта жабылғанын мәлімдеді
- Шымкентте ЖОО-ның 320 миллионын жымқырған сегіз адам сотталды
- Алаяқтар қасиетті сапарға да қол сұғып, 17 қажының ақшасын қалтаға басқан
- «Әскер барысы – 2026» турнирінің жеңімпазы анықталды
- Жолда қарсы келе жатқан екі жүк көлігінің арасынан саспай өткен ақтөбелік ғаламтор жұлдызына айналды
- Дропперлер қылмыстық жауапкершілікке тартылады
- Қазақстанда энергетикалық қауіпсіздік күшейтіліп, кемінде үш АЭС салынады
- Баян Алагөзова: «Қыз Жібектің» қамзолы 50 жыл ешкімге керек болмады
- Тоқаев Анталиядағы дипломатиялық форумда не айтты?
- Ормуз ашылды, бірақ қысым сақталады: Иран, Трамп және мұнай нарығы қалай өзгерді?
- Тоқаев БҰҰ-ды реформалау мәселесіне жауапкершілікпен қарау керегін айтты
- Министрлік Баян Алагөзованың «Қыз Жібек» фильміндегі киімге қатысты жариялаған жазбасына пікір білдірді
- АҚШ Сириядан өз әскерін толық шығарды
- Ақтөбе облысында 2 апта бұрын жоғалған 10 жастағы баланың денесі табылды
- Алматыда екі автобус соқтығысты, жарақат алғандар бар
- Әділет Алмат Азия чемпионы атанып, 4 жыл үзілістен кейін елге дзюдодан алтын әкелді
- Ливан Израиль бітімді бұзғанын мәлімдеді