Қасым-Жомарт Тоқаев FАО бас директорына Алматы апортының дәмін татқызды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев FАО бас директоры Цю Дунъюмен кездесу барысында Алматы апортының жемісін көрсетті, деп хабарлайды Ақорда.
«Қазақстан алманың отаны ретінде кеңінен танымал. Апорт алмасы еліміздің ең ірі мегаполисі Алматының маңында өседі. Біз осы сортты әлемдік нарыққа шығару үшін бірлесіп жұмыс істеуді көздеп отырмыз. Бұл бастаманы ілгерілетуде сіздердің жеке қолдауларыңызға сенемін», - деді Президент.
Мемлекет басшысы халықаралық Аралды құтқару қоры мен Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам ұйымының төрағасы ретінде еліміздің басым бағыттарына да тоқталды.
Қасым-Жомарт Тоқаев FАО -ны Арал бассейніндегі мелиорация және су ресурстарын басқару жобаларын әзірлеуге қолдау көрсетуге шақырды. Ол сондай-ақ Қазақстанда Орталық Азия ұйымының субөңірлік кеңсесін құруды ұсынды.
Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының бас директоры Қазақстанның жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі және аймақта ғана емес, бүкіл әлемде гуманитарлық көмек көрсетудегі маңызды рөлін атап өтті.
Соңында Мемлекет басшысы FАО басшысына мазмұнды әңгімесі үшін алғыс айтып, оны алдағы Астана халықаралық форумына қатысуға шақырды.
Қасым-Жомарт Тоқаев меймандармен бірге Құрметті қонақтар кітабына естелік жазба қалдырды.
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық