Алматының әл-Фараби даңғылында көлік жарысы тоқтар емес
Polisia.kz бейнесінен скриншот
Алматыдағы әл-Фараби даңғылындағы көлік жарысы тоқтар емес. Жақында ғана осы даңғылда жарысқан жастардың арқасында біраз шенді полицейлер жазаланған болатын. Алматы полициясы әлеуметтік желілерден тағы да әл-Фараби даңғылында бірнеше көліктің қауіпті маневр жасағаны түсірілген видеоны анықтады, деп хабарлайды Orda.kz.
Бейнежазбада қаланың ең көлік көп жүретін көшелерінің бірінде жол қозғалысы ережелерінің өрескел бұзылғанын анықтадық, деп жазады Polisia.kz.
«Іздестіру бөлімінің қызметкерлері барлық көлік иелерін анықтап, ұстады. Олар жол ережелерін бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды. Атап айтқанда олар қауіпті маневр жасаған, қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткен, апатты жағдай туғызған, рөлде отырып ұялы телефон пайдаланған, қауіпсіздік белдігін тақпаған көлік жүргізушілерге қатысты», – деді Алматы қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әбдинұр Тасыбаев.
Полиция департаменті мұндай әрекеттер жолда өзгелердің өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндіретінін ескертті.
Еске салайық, 21 наурызға қараған түні Әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында Zeekr мен Mercedes көліктері соқтығысқан еді. Жол апаты салдарынан үш адам қаза тапты. Бұл оқиғада тек апаттың өзі ғана емес, жүргізушінің жеке тұлғасы да қоғам назарын аударып, шулы іске ұласып, бірқатар полицейлер жұмыстан кеткен болатын.
Тақырыпқа қатысты ұсынамыз:
- Алматыдағы бес көлік жарысып, үш адам қаза болған шулы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды
- Алматының әл-Фараби даңғылындағы адам өлімі: полиция тексеріліп жатыр
- Президент бақылауында: ІІМ Алматыдағы резонансты жол апаты бойынша тергеуді күшейтті
Жаңалықтар
- АҚШ алғаш рет Польша арнайы жасағын Украинадағы дрон соғысының тәжірибесі бойынша жаттықтырып жатыр
- Енді депутаттарға сауал тек баспасөз орталығында қойылуы мүмкін
- Тоқаев премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
- Батыс Қазақстанда балабақша есепшісі 30 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
- Тоқаев вице-президент Ерлан Қаринді қабылдады
- Непал мен Қытай шекарасындағы алапат су тасқынынан кейін хабар-ошарсыз кеткендер саны күрт өсті
- Иран президенті ШЫҰ саммитіне қатысу үшін Қырғызстанға ұшып кетті
- Қазақстан С-300 зениттік-зымыран кешенін сынақтан өткізді
- Ләззат Танысбай «Хабар» агенттігінің басқарма төрағасы болып тағайындалды
- Бектенов премьер-министр болып қайта тағайындалғаннан кейін Құрылтайда ант берді
- Ерлан Қарин Қазақстанның вице-президенті болды
- Мектептер полицияның бақылауына алынды: 283 мың камера жұмыс істеп тұр
- Олжас Бектенов ҚР премьер-министрі қызметіне ұсынылды
- Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент қызметіне Ерлан Қариннің кандидатурасын ұсынды
- Кипр маңында 267 адам мінген кеме аударылып, жеті адам қаза тапты
- Непалда жүздеген танылмай қалған мәйіт жаппай жерленіп жатыр
- Аризонадағы Үлкен шатқалда су тасқынынан кейін 20 адам хабар-ошарсыз кетті
- Ақтауда адам мінген катер жартасқа соғылып, екі адам қаза тапты
- АҚШ пен Иран соққы алмасты: Не болды?
- Исландия Еуроодаққа кіруден бас тартты. Ең басты себеп — балық